ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДАМУЫ
Кілт сөздер:
әкімшілік құқық, әкімшілік заңнама, мемлекеттік басқару, құқықтың реформаларыАңдатпа
Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық әкімшілік құқық пен әкімшілік заңнаманың даму мәселелері қабылданған нормативтік құқықтық актілерді хронологиялық және пәндік шолу арқылы, заңнаманы жетілдірудің мәселелері мен келешегі ашылып көрсетілген. Қазіргі жағдайда әкімшілік құқық мемлекеттік әкімшіліктің мүддесін қамтамасыз етуді қойып, азаматтарды мемлекеттік орган тарапынан болатын бұзушылықтар мен теріс пайдаланудан қорғайтын әкімшілік-құқықтық құралдарға бағытталған. Автор қазіргі әкімшілік құқық пәнін анықтаудағы қиыншылықтар мен жүйесін, сонымен қатар 1991 жылдан бастап қабылданған Қазақстандағы түрлі әкімшілік құқықтық институттарға қолданылатын негізгі нормативтік құқықтық актілерді атап көрсеткен. Мақалада кейбір дәстүрлі институттарды басқаша ойлау туралы мәселесі қойылған, мысалы, әкімшілік жауапкершілік және биліктің атқару органдары, әкімшілік сот ісін жүргізу, әкімшілік рәсімдер туралы актілерді жедел қабылдауға тұрарлығы анықталған. Кейбір заңдардардың пайда болуы, соның ішінде әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамалар қазақстандық әкімшілік құқық және заңнамасында іргелі өзгерістің айғағын көрсетеді. Бұл өзгерістер мемлекет тарапынан да, жеке тұлғалардың да бағыныстылыққа ғана емес сонымен қатар өзара сыйластық, құқық бұзушылық жағдайында бірдей қозғалуға негізделген мемлекеттік әкімшілік және жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынасқа басқаша тәсіл арқылы келумен байланысты. Мақалада сонымен қатар, әкімшілік құқықты басқаша ойлау және әкімшілік заңнаманы реформалау әкімшілік құқықтың мәселелерімен айналысатын ғалым-заңгерлердің едәуір күш салуын қажет ететіндігі көрсетілген.