ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЙБІР ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
муниципиалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, қоғамдық тәртіпті қорғау, «мүлдем төзбеушілік»Аңдатпа
Мақалада жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметінің қалыптасу барысына және қоғамдық тәртіпті қорғау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алудағы алғашқы нәтижелеріне талдау жасалады.
Мемлекет басшысының «100 қадам - Ұлт жоспарының» 30-қадамында Қазақстанда жергілікті полиция қызметін жергілікті қауымдастықпен өзара тығыз байланыс арқылы ұсақ құқық бұзушылыққа деген «мүлдем төзбеушілікті» қамтамасыз ету үшін құру белгіленген болатын. Осы қадам аясында Парламент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдаған болатын, ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгені белгілі.
Авторлар қарастырылатын мәселелерді зерделеуде өңірлерге барғандағы нәтижелерді, сондай-ақ қоғамдық тәртіп және қылмыстылық бойынша статистикалық мәліметтерді талдай келе, құрылып отырған жаңа қызметтің қалыптасу процесі жөнінде алдын ала жеті тұжырым жасауға ұмтылған.
Атап айтқанда, қатардағы қызметкерлер де, олардың басшылары да заңда қойылған міндеттерге жете мән бермей отырғаны аталып өтеді. Бұл, әсіресе жергілікті полиция қызметінің бірінші кезектегі міндеті болып табылатын құқық бұзушылық профилактикасы рөлінің төмендеуінен көрініп отыр.
Жергілікті полиция қызметінің қазіргі үлгісінің заңнамалық әрі ұйымдастырушылық тұрғыдан кемшін тұстары көрсетілген.
Тұрғындармен ұйымдастыру жұмыстарының нашар болуы себебінен олардың полиция жүйесіндегі реформаларға деген сенімі әлі де төмен. Жергілікті полиция қызметінің Қоғамдық кеңестермен, әкімдікпен өзара байланысына жеткілікті көңіл бөлінбейтініне назар аударылады.