ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ
Кілт сөздер:
адвокаттық қызмет, заң қызметі, адвокатура, тәуелсіздік, заң білімі, кәсіби ар-намыс кодексі, адвокаттық қауымдастық, тағылымдамаАңдатпа
Берілген мақала «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкерінің Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметті жетілдіру мәселелерін талдау жұмыстарына арналған 2016 жылғы талдамалық есеп нәтижесі негізінде әзірленген. Жалпы, адвокаттық қызмет проблемалары бірқатар отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде талқыланып талданды.
Сонымен қатар, соңғы кездері адвокаттық қызметті жетілдіру мәселелерін қарастыру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын іске асыру жағдайында ерекше маңызды орынға ие болуда.
Осы орайда мақалада Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметті адвокатураның халықаралық қағидаттарына сәйкес, алыс және таяу шетел мемлекеттеріндегі адвокатура қызметінің салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелерін ескере отырып ұсынымдар әзірлеу мақсаты алға қойылған. Белгіленген мақсатқа қол жеткізуде диалектика, метафизика, дедукция, талдау, салыстыру, синтез, жинақтау және формальды-заңды әдістері қолданылған.
Мақалада Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының келесі проблемаларына назар аударылған: 1) адвокаттың құқықтық мәртебесі; 2) аттестация өткізу тәртібі; 3) адвокаттардың кәсіби деңгейі; 4) адвокаттық қауымдастық; 5) заңгерлер қызметін регламенттеу. Адвокаттық қызметті құқықтық қорғаудың аталған және өзге де проблемаларына жүргізілген талдау негізінде бірқатар ұсынымдар әзірленген.
Осы мақалада қол жеткізілген зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметті жетілдіру жөніндегі заң шығармашылық жұмыста қолданылуы мүмкін.