МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ, ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ РЕТІНДЕ: ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛ ДАМУЫ
Кілт сөздер:
меншік құқығы, заңды тұлға, шарттық міндеттеме, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, корпоративтік қатынастар, ағылшын құқығын имплементациялау, шарт, мемлекеттік меншік, жеке меншікАңдатпа
Бұл мақала азаматтық заңнаманың кешенді талдамасына, атап айтқанда, оның меншік құқығы, заңды тұлғалар және шарттық міндеттемелер сияқты жекелеген институттарының құқықтық реттелуіне арналған.
Аталған мәселелерге зерттеуді 2016 жылы Каспий университетінің Жеке құқық ҒЗИ директоры, ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор М.К. Сүлейменов жүргізді. Мақалада талданатын институттардың зерттелуіне Ю.Г. Басин, Б.В. Покровский, А.И. Худяков, С.З. Зиманов, К. Сафинов, Қарағусов Ф.С. сияқты ғалымдар бағаланбас үлесін қосты.
Зерттеу мақсаты меншік құқығының мәнін анықтау, корпоративтік қатынастарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына ағылшын құқығының элементтерін енгізу қажеттілігін айқындау болып табылады. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізін қоғамдық құбылыстар мен процестерді жалпығылыми тану әдістері құрайды.
Бұл мақалада қарастырылатын институттардың келесі негізгі мәселелерін айқындауға талпыныс жасалған:
- мемлекеттік және жеке меншікті ажырату;
- меншік құқығының және өзге мүліктік құқықтардың арақатынасы;
- корпоративтік қатынастар туралы ережелерді заңнамалық бекіту;
- ағылшын құқығын имплементациялау арқылы заңнаманы жетілдіру.
Автормен мәселелерді талдау негізінде нақты ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы ғалым жасаған қорытындылар мен ұсыныстардың азаматтық заңнаманы жетілдіру бойынша заң шығармашылық қызметте қолданылуы мүмкіндігімен анықталады.
Сонымен қатар, зерттелетін мәселелердің практикалық маңызы қазіргі жағдайдағы нарық қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттігімен және «Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» жүзеге асырумен шартталады.