АНГЛИЯНЫҢ ӘДІЛДІК ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫ
Кілт сөздер:
қорғау құралдары, адалдық құқығы, шарттық құқық, заттай орындату туралы сот бұйрығы, тыйым салу туралы сот бұйрығы, залалдарды өндіріп алу, реституцияАңдатпа
Мақалада автор Англияның адалдық құқығы бойынша қорғау құралдарын қарастырады, оларға заттай орындату (specific performance) және тыйым салу туралы сот бұйрығы (injunction) сияқты құралдар жатады.
Жалпы, қарастырылатын мәселе аясында ағылшын шарттық құқығы және Англияның сот өндірісі саласында бірқатар ресейлік және шетелдік авторлардың ғылыми жарияланымдары айтарлықтай қызығушылық тудыруда. Олардың ішінде Р. Халфина, В. Ансон, А. Михайлов, Г.Х. Трейтел, К. Осакве, Незнамов А.В., Э. Дженкс, Мозолин В.П., Фарнсворт Е.А. және т.б. сияқты ғалымдарды атауға болады.
Автор аталған қорғау құралдарына тән ортақ белгілерді, сондай-ақ аталған құралдардың арнайы белгілерін атап өтеді. Мысалы, мақалада ағылшын соттары талап етушінің міндеттемені заттай орындау туралы талабын қанағаттандыратын немесе қанағаттандырмайтын жағдайлар қарастырылады, міндеттемелерді заттай орындау туралы ережелерді бағалаудың жалпы тәсілдерін анықтауға талпыныс жасалады.
Сонымен қатар, мақалада соттың тыйым салушы бұйрығының процессуалдық қүрал ретіндегі мәні айқындалады, оның жіктелуі келтіріледі, соттың тыйым салуы қолданылатын немесе оны қолдану саласында шектеулер болатын жағдайлар қарастырылады .
Бұған қоса, мақалада Англия, АҚШ және Еуропаның аталған саладағы заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізіледі.
Зерттеу нәтижелері Ресей Федерациясының да, Қазақстан Республикасының да азаматтық және азаматтық процестік заңнамасын жетілдіру бойынша заң шығармашылық жұмыста, сондай-ақ азаматтық құқық, азаматтық сот өндірісі және салыстырмалы құқықтану саласындағы ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.