ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
азаматтық іс жургіз, сот, прокурор, жаңа мән-жайлар, жаңадан ашылған мән-жайларАңдатпа
Мақалада жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексін (бұдан әрі – ҚР АПК) талдаудың негізгі нәтижелері ұсынылған. Жүргізілген талдаудың нәтижесінде азаматтық процестік заңнаманы әрі қарай жетілдіру бағыттары анықталды және тиісті ұсынымдар тұжырымдалды.
Жаңа редакциядағы ҚР АПК-да жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған субъективті құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру бойынша соттың процестік қызметінің жеделдетілуін қамтамасыз етуге ынталанған кезде азаматтық сот ісін жүргізуді оңайлату бойынша ғана емес, сонымен қатар процеске қатысушы тұлғалардың адалдық өлшемшарттарына сүйене отырып, процестік міндеттерді орындауы бойынша бірқатар процестік новеллалар қамтылған.
Сонымен бірге ҚР АПК-да қамтылған кейбір құқықтық ережелер қосымша пысықтауды қажет етеді. Егер материалдық заңның нормаларында қандай да қоғамдық қатынастың жалпы құқықтық құрылымын бекітуге жол берілсе, процестік заңның нормаларында процестік құқықтар мен процестік міндеттердің мазмұнын регламенттейтін тиісті процестік институттардың мазмұнын толық бекіту қажет.
Осыған орай жекелеген институттар мен ҚР АПК ережелеріне автор жүргізген талдау олардың осалдығы тұрғысынан қарағанда, уақтылы болып табылады және осы саладағы заңнаманы әрі қарай жетілдірудің бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Мысалы, мақалада ҚР АПК новеллаларының жалпы сипаттамасы берілген. Автордың пікірі бойынша, қайта қарауды және әрі қарай жетілдіруді қажет ететін жекелеген институттар мен кодекс нормаларына ол ерекше көңіл бөлген. Прокурордың азаматтық процеске қатысуының институтына, «жаңа» және «жаңадан ашылған мән-жайлар» ұғымдарының аражігін ашуға, бұйрық арқылы және оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуге жатқызылған істердің жекелеген санаттарының қайталану проблемасына автор ерекше көңіл бөлді.
Автордың пікірі бойынша, заң шығарушы азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Сонымен қатар, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүргізу тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында заңнама мен құқық қолдану практикасын талдауды жалғастыру қажеттігі бар.