ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР ЖӘНЕ ЖАРИЯ КОМПАНИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
Кілт сөздер:
мемлекеттік кәсіпорын, жария корпорация, жария функциялар, жария құқық заңды тұлғасы, акционерлік қоғам, салық салу, мемлекеттің экономикаға қатысу үлесіАңдатпа
«Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің ғылыми қызметкерлерімен 2016 жылы жүргізілген Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар, олардың еншілес ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері саласындағы заңнаманы, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен жария компанияларды құқықтық реттудің шетел тәжірибесін талдау аталған заңды тұлғалардың құқықтық реттелуінде проблемалық сұрақтардың болуын және жақын және алыс шет елдерінің құқықтық актілерінің тиімді нормаларын имплементациялау мен отандық заңнаманы жетілдіру мүмкіндігін көрсетті.
Азаматтық құқықтағы заңды тұлға институты, жалпы алғанда, көптеген отандық және шетелдік заңгер-ғалымдармен зерттелген. Оларға М.К. Сүлейменовті, Е.А. Сухановты, Ф.С. Қарағұсовты, И.С. Шиткинаны және т.б. жатқызуға болады. Алайда бүгінгі күні өзекті болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және олардың шетелдегі аналогтарының ұғымы, құқықтық жағдайы, артықшылықтары мәселелері, біздің пікірімізше, жеткіліксіз зерттелген және жан-жақты зерделеу мен талдауды қажет етеді.
2016 жылғы 6 қаңтардағы Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жекешелендіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігі көрсетілді, аталған жоспарға сәйкес бәсекелесті ортаға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» АҚ пен «ҚазАгро» АҚ-тың мемлекеттік меншіктегі аса ірі 65 компаниясы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың құрамына кіретін 173 еншілес және тәуелді ұйымдары беріледі.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен квазимемлекеттік сектор активтерін беру отандық кәсіпкерлікті, жеке бизнесті одан әрі нығайту мен дамыту үшін жүргізіліп отыр.
Осыған байланысты бұл зерттеудің мақсаты мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың құқықтық реттелуінің шетел тәжірибесіне талдау жүргізу және осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың нысандарын жіктеу мәселелері, олардық құқықтық мәртебесінің, қызметінің, оларға салық салудың, жауаптылығының ерекшеліктері зерделенді.
Осы зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерін реттейтін заңнамасын жетілдіру бойынша заң шығармашылық жұмыста, сондай-ақ қарастырылатын саладағы ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.