ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСІНДЕ АШЫҚ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН САЛЫСТЫРУ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Арстан Нокешұлы Ахпанов
  • Александр Леонидович Хан

Кілт сөздер:

сотқа дейінгі тергеу, дәлелдемелер жинау, жария және жасырын тергеу әрекеттері, жіктеу критерийлері

Аңдатпа

 Қылмыстық іс жүргізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу заңы аясында жасырын тергеу әрекеттерінің қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу жүйесінде алатын орны туралы сұрақ қарастырылған. Әрекет етіп тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларында «тергеу әрекеті» терминінің мазмұнына түсініктеме берілмегендігі және заңи әдебиеттерде де бұл ұғымға біріңғай көзқарастың қалыптаспағандығы туралы айтылған. 2014 жылғы ҚР ҚІЖК жеке 30 «Жасырын тергеу әрекеттері» тарауының енуіне байланысты тергеу әрекеттерін екі жеке түрге бөлу қажеттілігі туындады: жасырын және жария. Мақалада жасырын және жария тергеу әрекеттерін жүргізудің іс жүргізушілік ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалған. Атап көрсететін болсақ, жария тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде сотқа дейінгі тергеп тексеруді жүргізетін тұлға бекітілген мәлеметтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш немесе ескерту беру мақсатында қатысушы тұлғаларды оның нәтижелерімен таныстыруға міндетті. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін оның нәтижелері тек тергеліп жатқан қылмыстық іс өндірісте жатқан орган мен прокурорға ғана хабардар етіледі. Әр түрлілігіне қарамастан жасырын және жария тергеу әрекеттері өзінің іздестіру, танымдық және куәландырушылық бағытын сақтап, дәлелдемелік ақпаратты жинаудың негізгі тәсілі болып табылатындығы туралы атап өтіледі.

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2022

##submission.howToCite##

Ахпанов, А. Н., & Хан, . А. Л. . (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСІНДЕ АШЫҚ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН САЛЫСТЫРУ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/589

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс