ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІН ӘЗІРЛЕУ МЕН ҚАБЫЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ (ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ)

Авторлар

  • Әсел Ғабиденқызы Қазбаева

Кілт сөздер:

заңнама, кодификация, сәулет, қала құрылысы, құрылыс

Аңдатпа

Қазақстанда құрылыс саласында кодификацияланған акт жасауға қажетті алғышарттар құрылды. Алайда құрылыс заңнамасы, бір-бірімен тығыз байланысты әртүрлі қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бұндай қатынастар дербес құқықтық реттеуді қажет етеді және тұтас құрылым ретінде қарастырылады. Құрылыс заңнамасын кодификациялаудың негізі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы болып табылады. Құрылыс заңнамасының құқықтың басқа салаларынан негізгі айырмашылығы – нормативтік техникалық құжаттармен тығыз байланысы. Заңға тәуелді актілер мен техникалық құжаттардың көптігі құрылыс заңнамасының қолданылуын қиындатады. Жаңа кодификациялық акттің қабылдануы, заңға тәуелді актілер мен техникалық құжаттар санының көптігі мәселесін шешер еді. Құрылыс заңнамасы көпшіліктік, жариялылық және ашықтық қағидаларын ұстануға, маңызды мәселелерді талқылауға халықты араластыруға міндетті. Сондықтан құрылыс заңнамасында қала мен елді мекендердің басты жоспарларының жобалары бойынша көпшілік тыңдауларға арналған ережелер қажет.Біздің ойымызша құрылыс кодексі шеңберінде көрсетілуге тиіс тағы бір маңызды мәселе, ол құрылыс жұмыстарын жүргізу конкурсын ұйымдастыру мен өткізудің жаңа механизмі.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары үшін ұйымды таңдау мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі, онда жеткізушіні таңдаудың негізгі белгісі болып ең төменгі баға табылады.Бірақ жосықсыз құрылыс компаниялар ұсынатын төмен бағалар, сапасыз құрылыс объектілерін тапсырудың негізгі себебі болып келеді.

Жарияланды

30.12.2016

##submission.howToCite##

Қазбаева, . А. Г. . (2016). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІН ӘЗІРЛЕУ МЕН ҚАБЫЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ (ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/597

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг