ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЛЕКСИКА ҚОРЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ

Авторлар

  • Нұрзада Маханбетұлы Примашев

Кілт сөздер:

құқық, құқықтық лексика, нормативтік құқықтық актілер, халықаралық келісімдер, құқықтық және тілдік қателер

Аңдатпа

Мақала ұлттық құқықтың қазақ тіліндегі лексикалық қорының қалыптасу генезисін зерттеуге арналған. Құқықтың лексика қоры деп құқық саласында қолданылатын сөздердің жиынтығы түсініледі.

Лексикалық қордың құрылу генезисі Тәуелсіздік алған кезден басталды. Қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер құқықтық жүйені құру мен оны жетілдіруге тікелей байланысты. Сондықтан ондағы кейбір сөздердің қазіргі уақытта қолданылмауын, тіпті кейбіреулерінің архаизмге айналуын объективті құбылыс деуге болады. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құқықтық негіздерінің бірі - «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен Қазақстан Республикасының алғашқы халықаралық келісімдерінің бірі - 1993 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы арасындағы консулдық конвенция мәтіндеріндегі «өкiмет», «жеке адамның хұқылары», «өзiн-өзi билеу хұқы», «хұқылық мемлекет», «халықаралық хұқ», «бiрдей міндеткерлік», «тұрғылықты орны», «заңдық билiк», «атқарушы өкімет» және т.с.с сөздер мен ұғымдарды қазіргі уақыт тұрғысынан қате деуге тұрмайды. Бірақ ондай нұсқалардың кемшілігінің бар екені анық. 

Құқықтық сөздер мен ұғымдардың  белсенді қолданыстан шығуы олардың пайда болуы мен заңнамаға ену себептерін зерделеуді меңзейді. Құқықтық лексиканың бірқатар нұсқалары жүйелі аударма, сөзжасам сияқты әдістермен бірге шет елдерден келіп жатқан қазақтардың сөз қорларынан алынды. Осындай заңды процестер арқылы жалпы тіл байлығымен қатар, құқықтық сөз қоры да қалыптасып кеңейді. Бұл процесс қазір де жалғасуда.

Мақалада құқықтық лексика қорының  Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық келісімдеріндегі сөз бен сөз тіркестерінің ресімделуі мәселелері мен қолданылуы тәжірибесін зерделеу арқылы көрсетілген.  

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2016

##submission.howToCite##

Примашев, . Н. М. (2016). ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЛЕКСИКА ҚОРЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/598

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан