ПАРЛАМЕНТТІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУ ФУНКЦИЯСЫ: НЫСАНАЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408Х_2020_62_4_25Кілт сөздер:
Конституция, Президент, Парламент, Сенат, Мәжіліс, депутаттар, Үкімет, Конституциялық Кеңес, мемлекеттік басқару, ПарламентаризмАңдатпа
1995 жылғы Қазақстан Конституциясы ұтымды парламентаризм тұжырымдамасын жариялады, оған сәйкес Парламент заң шығару саласында қатаң белгіленген құзыретке ие. Оның шектері Конституцияның 61-бабының 3-тармағында аталған қызмет салаларының тізбесімен жазылған. Парламент заң шығару өкілеттіктерінің көпшілігін дербес жүзеге асырады, алайда олардың кейбіреулері Президентпен бірлесіп іске асырады (мысалы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу).
Конституциялық нормаға сәйкес Парламент тиісті салалардағы аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға құқылы, ал өзге де қатынастар Президент пен Үкіметтің заңға тәуелді актілерімен реттеледі.
Конституцияның 61-бабы 3-тармағының талдауынан, онда жоғары өкілді органға өзінің заң шығару құзыретін кеңейтуге мүмкіндік беретін тікелей немесе сілтеме нормалары жоқ деген қорытынды жасауға болады. Осы бапта белгіленген мәселелердің тізбесі толық болып табылады және кеңейтілген түсіндіруге жатпайды.
Сонымен бірге, мақалада Парламенттің заң шығару функцияларын іске асыру мәселелері «аса маңызды қоғамдық қатынастар» деген тұжырымдаманың екіұштылығы салдарынан қосымша ресми түсіндіруді қажет ететіндігі, онда Парламенттің аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заңдарды шығаруға құқылылығы жөніндегі мәселелер санамаланғанына талдау жасалды. Алайда, заңнамалық практика көрсеткендей, бұл тізбе «аса маңызды қоғамдық қатынастар» саласына жататын заңнамалық реттеудің өзге де салаларын қамтымайды. Парламенттің заңнамалық реттеу саласына жататын қоғамдық қатынастар тізбесінің шеңберін кеңейту немесе мұндай тізбені мүлдем орнатпау керектігіне тұжырым жасалды.
Конституцияның 61-бабы 3-тармағында санамаланған қатынастардан басқа, аса маңызды қоғамдық қатынастарға ұлттық қауіпсіздік пен оның құрамдас бөліктерінің мүдделерін, сыртқы саясатты, халықаралық саланы қозғайтын қатынастарды, ал көпұлтты факторды ескере отырып, ұлттық, конфессиялық және өзге де қатынастарды да жатқызу және заңдар «аса маңызды» қоғамдық қатынастарды реттейтіндіктен экономикалық, саяси, әлеуметтік мәдени және басқа да қатынастарды заңнамалық реттеу қажеттілігін анықтау және дұрыс бағалау қажетігі туралы ұсыныстар берілді.