БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТЕНТТІК ҚҰҚЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар

  • Сергей Сергеевич Лосев

Кілт сөздер:

патенттік құқық, өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, патент иеленушінің айрықша құқығын шектеу

Аңдатпа

Мақалада Беларусь Республикасының патенттік заңнамасын жетілдіру процесіндегі шешуін талап ететін маңызды проблемалар қарастырылған. Қолданыстағы заңнама нормаларына өткізілген талдау, ғалымдар пікірлерінің қорытындысы, шетелдік заңнамалық практикасын және халықаралық шарттар ережелерін есепке алудың негізінде автор келесі қорытындылар шығарады. Заңда белгіленген өнертабыс ұғымы анықтауын талап етеді: бұнда патентке қабілетті шешімінің техникалық сипатын талап етуі, сонымен бірге мүмкіндігі бар өнертабыс объектілердің толық тізімі болуға тиіс. Патентке қабілетті шешімдердің ішінен дәрігерлік диагностика тәсілдерін, адамдарды емдеу терапиялық және хирургиялық тәсілдерін шығару керек. Автор өнеркәсіптік үлгіге берілген құқықтық қорғау көлемін аса кеңейтуін қажеттілігін дәлелдейді. Бұл қорғау патент иеленушінің басқа адамдардың тек қана ұқсас дизайнерлік шешімдері емес, өнеркәсіптік үлгіге берілген қорғаумен араласу деңгейін пайдалануына жол бермеуі жөн. Автордың пікірінше патент иеленушінің айрықша құқығын шектеуге арналған құқықтық нормаларды аса маңызды қайта қарауы қажет. Осы салада: 1) қорғауға берілген объектілерді еркін пайдалануға, оның ішінде эксперимент және оқу мақсатында негіздерін кеңейту; 2) мүдделі тұлғаның бұрыннан бері пайдалану құқығын мойындау үшін негіздерін анықтау; 3) ұлттық заңнамаға енгізілетін «қоғамдық мүдделер үшін берілетін мәжбүрлі лицензия» ұғымын, сонымен бірге патенттелген объектті пайдаланбаған уақытын қысқарту мерзімі мәжбүрлі лицензиялар институтының одан әрі дамуы қажет. Автор мақаладағы көрсетілген тұжырымдамалы проблемалардың шешуі Беларусь Республикасының қолданыстағы патенттік заңнама нормаларын жүйелі түрде қарастыруын талап етеді деп қорытады.

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2022

##submission.howToCite##

Лосев, С. С. (2022). БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТЕНТТІК ҚҰҚЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/602

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік тәжірибе