ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_244Кілт сөздер:
жаза түрлері,, түзеу жұмыстары,, қылмыстық заң,, біліктілік,, сотталған адам.Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада авторлар түзеу жұмыстарының Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілуі мен оның практикада қолдану аспектілеріне зерттеу жүргізді. Зерттеудің мақсаты түзеу жұмыстарының теориялық-құқықтық және тәжірибелік мазмұнына зерттеу жүргізу арқылы жетілдіру тетігін ұсыну.
Зерттеу жүргізу барысында құқықтың салыстармалы құқықтық, тарихи –диалектикалық, логикалық әдістер кеңінен қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде авторлар таңдап алынған зерттеу объектісіне қатысты ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар жасады.
Түзеу жұмыстарының қолдану мәселесі мен тиімділігі жөнінде бүгінгі таңда отандық ғалымдардың ұстанымдары мен көзқарастары әртүрлі. Авторлар, түзеу жұмыстарын практикалық тиімділігін арттыратын ұсыныстар келтіреді. Сол арқылы қолданыстағы қылмыстық заңға толықтырулар мен өзгертулерді ұсынады. Нәтижесінде түзеу жұмыстары жазасын қолдану әлеуетінің артатыны дәлелденген.