ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕСІНЕ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_40Кілт сөздер:
төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкроттық, жеке тұлғалар, айыппұл, әкімшілік жауапкершілік, қаржы менеджері, кредиторАңдатпа
Бүгінгі таңда азаматтардың едәуір бөлігі әртүрлі себептер бойынша өздерінің қаржылық және материалдық жағдайының нашарлауына тап болады. Бұл жұмыстан айырылу немесе мүгедектік, жалпы экономикалық құлдырау фонында әл-ауқат деңгейінің төмендеуі және коронавирустық инфекцияға қарсы карантиндік шараларды енгізу және тағыда басқа. Біздің жерлестеріміздің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру керек, ол үшін азаматтарды банкротқа ұшырату тетігі ұсынылып отыр. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген заң жобасы 21 заңнамалық актіге (8 кодекс және 13 заң) өзгерістер мен толықтыруларды көздейді. Айта кетейік, заң жобасы әлі қабылданған жоқ және әзірлену сатысында. «Азаматтардың төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заң жобасы және оған қатысты екі заң жобасы мемлекеттік органдармен келісіліп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілді.
Бұдан басқа, заң жобасы Қазақстан Республикасының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және азаматтардың банкроттығы туралы заңнамасында көзделген рәсімдер жүргізілетін борышкер жеке тұлға бойынша салық құпиясын ашуды көздейді.
Бұл мақалада төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру институтын құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру мәселелері бойынша халықаралық тәжірибеге қысқаша талдау жасалып, нәтижесінде ұсыныстар мен ескертулер жасалды. Төлем қабілеттілігі мен банкроттықты қалпына келтіру бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелері мен шешу жолдары көрсетілген.