ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЛІСІМДЕРІН АСТЫҚ САУДАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДАУЛАРДА ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_185Кілт сөздер:
Дүниежүзілік сауда ұйымы, ДСҰ келісімдері, астық саудасы, астық экспорты мен импорты, , дауларды реттеу тетігі, астық саудасы бойынша даулар, сауда қатынастарыАңдатпа
Бұл мақала Дүниежүзілік сауда ұйымының астық және одан жасалған өнімдер саудасы жөніндегі дауларда келісімдерін қолданудың қазіргі тәжірибесін және осындай дауларды шешудегі осы ұйым қызметінің тиімділігін талдауға арналған. Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелерінің астық және одан алынатын өнімдер туралы сауда дауларына өтініш беруші немесе жауапкер ретінде қатысу тәжірибесін талдай отырып, мақалада 1995-2021 жылдар аралығындағы статистикалық шолу берілген. Жүргізілген жұмыс барысында Дүниежүзілік сауда ұйымының астық және одан жасалатын өнімдер саудасын реттейтін келісімдерінің негізгі ережелері қаралды, олар бойынша дауларды шешу жөніндегі органға шағымдар берілді. Зерттеу барысында сауда дауларын шешу механизмі және астық секторын реттеу мәселелері саласындағы ресми және ғылыми көзқарастар, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының құқық нормалары пайдаланылды. Мақаланың мақсаты астық туралы даулардың қолданыстағы тәжірибесін құқықтық талдау болып табылады. Мақаланың міндеттері астық туралы дауларды шешу рәсімін зерттеу, Астық туралы дауларға қатысушы елдердің тәжірибесін және оларды Дүниежүзілік сауда ұйымының құқық нормаларын қолдануды зерделеу, осындай даулардың ерекшеліктерін айқындау және астық пен одан жасалатын өнімдерді сатуға байланысты жанжалдарды шешуге Дүниежүзілік сауда ұйымының қатысу тиімділігін анықтау болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдерін астық және одан жасалатын өнімдер саудасы жөніндегі дауларда қолдану практикасын зерделеу Қазақстан Республикасының осы ұйымға мүшелігі жағдайында оның астық саласының дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен бірге, зерттеу нәтижесінде дүниежүзілік сауда ұйымына қатысушы елдердің дауларға қатысу тәжірибесін ескере отырып, астық саудасы мен одан жасалатын өнімдерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бидай экспортын ынталандыруға ықпал ететіні болжануда.