САЙЛАНБАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕ КАНДИДАТТЫҢ СОТТЫЛЫҒЫ: РЕСЕЙ ПРАКТИКАСЫ

Авторлар

  • Галина Николаевна Комкова
  • Мария Александровна Липчанская

Кілт сөздер:

сайлау құқығы, сайлау процесі, сайланбалы қызмет, сайланбалы қызметке кандидат, сайлау ценздері, соттылық

Аңдатпа

Ресей Федерациясының және шет елдердің қолданыстағы сайлау заңнамасында белсенді және бәсең сайлау құқығының түрлі ценздері бекітілген. Кандидаттың қылмыстық іс жасағаны үшін соттылығының болуы сайланбалы қызметке тіркелуге шектеулердің бірі болып табылады. Мақаланың авторларымен кандидаттың соттылығының болуы белгісі бойынша бәсең сайлау құқығының шектелуін бекітетін қазіргі заманғы Ресейдің заңнамалық нормаларының өзгеру динамикасы көрсетілген. Сайланбалы қызметке кандадаттарға, мінсіз беделі мен соттылығының болмауы тұрғысынан, талаптардың жүйелі заңнамалық қаталдануы байқалады. Сонымен қатар, РФ Конституциялық Сотының соттылық белгісі бойынша азаматтардың бәсең сайлау құқықтарын аса шектеуіне қатысты құқықтық позициясы талданады. Сайлау құқығын шектеудің тек заңды емес, сондай-ақ әлеуметтік маңыздылығы көрсетілген. Ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мерзімсіз және дифференциалдаусыз бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалардың сайлау құқығынан айырудың түсініксіздігі туралы пікірлер айтылады. Сондай-ақ ұсынылып жатқан мақалада авторлар кандидаттың сәйкес сайлау комиссиясына тіркелуге құжаттарды тапсыру кезінде соттылығының және (немесе) қылмыстық қудалануының фактілерін көрсетудің заңды, саяси және моральдық-этикалық жақтарын анықтайды. Құқық қолдану және сот тәжірибесіне өткізілген талдау Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасында «соттылықтың болуы» терминінің біркелкі нақты ұғымының жоқтығы туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Сайлау комиссияларының шешімдерінде және сот актілерінде заң ережелері түсіндірмелеріне қарама-қайшы және бірін-бірі жоққа шығаратын үлгілері анықталғандығы туралы белгіленген. Ресей Федерациясының нормативтік құқықтық актілерінің, құқық қолдану тәжірибесінің және азаматтардың сайлау құқықтарын шектеу институтына доктриналды тәсілінің жалпыланған талдауынан шыққанда соттылық фактісінің азаматты сайлау процесінен шеттету үшін негіз ретінде түсіну мен қолданудың авторлық тәсілін ұсынады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Комкова , Г. Н. ., & Липчанская, . М. А. (2018). САЙЛАНБАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕ КАНДИДАТТЫҢ СОТТЫЛЫҒЫ: РЕСЕЙ ПРАКТИКАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/635

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық