АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ ТҮПМӘТІНІНДЕГІ АБОНЕНТТІК ШАРТ

Авторлар

  • Азер Алиев
  • Аяна Тоқсанбайқызы Бекен

Кілт сөздер:

абоненттік шарт, абонент, Қазақстан заңнамасына имплементациялау, ағылшын және еуропалық құқық

Аңдатпа

Берілген мақала «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы шарттық міндеттемелерді жетілдірудің жекелеген мәселелерін шетелдік сарапшы Мартин Лютер Халле-Виттенберг университетінің юниор-профессорымен бірлесе отырып жүргізген талдау жұмыстарына арналған іргелі зерттеу нәтижесі негізінде әзірленген. Жалпы, қазіргі таңда азаматтық заңнамадағы шарттық міндеттемелерді жетілдіру тұрғысында бірқатар шетелдік авторлардың ғылыми жарияланымдары айтарлықтай қызығушылық тудыруда. Олардың ішінде, Карапетов А., Пашин В., Астапов М., Лимбах Ф.

Мақала ағылшын және еуропа құқығының жекелеген элементтерін, оның ішінде абоненттік шарттарды, шет елдердің озық тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына имплементациялау мәселелеріне арналған. Ресей Федерациясы мен Германия заңнамаларының негізінде мысалдар келтірілген.

Аталмыш мақалада ресей және еуропалық тәсілдер көрініс тапқан, сондай-ақ жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде аталған тәсілдерді Қазақстан құқығына берілген құқықтық тәртіптердің құқықтық жағдайы тұрғысынан имплементациялаудың негізділігі мен қажеттілігі жөнінде мәселе жан-жақты қарастырылған.

Қол жеткізілген зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын шарттық міндеттемелер бөлігінде жетілдіру бойынша заң шығармашылық жұмыста, сондай-ақ жоғарыда келтірілген саладағы ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Алиев, А., & Бекен , А. Т. (2018). АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ ТҮПМӘТІНІНДЕГІ АБОНЕНТТІК ШАРТ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/636

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық