ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРАПТАРДЫҢ ЖАРЫСПАЛЫЛЫҒЫ МЕН ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Әсет Оралғазыұлы Балғынтаев

Кілт сөздер:

қылмыстық процесс, қағидат, жарыспалық, тең құқылық, сот бақылауы, қорғаушы

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізудегі тараптардың жарыспалығы мен тең құқылығы қағидатын іске асырудың кейбір мәселелері талданған.  

Қылмыстық процестік заңнаманың құқық қолдану тәжірибесінде тараптардың жарыспалығы мен тең құқықтылығы қағидатын қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда, мақала аясындағы зерттеу бойынша бұл қағидатты іске асыруды жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу көзделеді.

Зерттеу үрдісінде автор анализ, синтез, салыстырмалы-құқықтық, тарихи, құрылымдық – жүйелік, статистикалық, нақтылы-әлеуметтік және құқықтық болжамдық ғылыми әдістерін қолданды.

Аталған мәселе бойынша қазақстандық заң ғылымында жаңа қылмыстық процестік заңнамаға негізделген кешенді зерттеулер жүргізілмегендігін атап өту керек.

Осыған байланысты мақалада тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын қамтамасыз етудің механизмдері ұсынылады. Оның маңызды бағыттары ретінде автор қылмыстық процесте қорғаушының өкілеттіктерін ары қарай нығайту және қылмыстық сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі сатыларында сот бақылауын кеңейтуді атайды.

Сот бақылауын жүзеге асырушысы ретінде тергеу судьяларының қызметінің сандық көрсеткіштері негізінде автор қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту аясында сот бақылауын кеңейтудің заңнамалық  бастамасын толығымен қолдайды.Қорғаушылардың тергеу судьясына тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтініш беру құқығының жүзеге асырылуы зерттеліп отырған қағидаттың маңызды элементі болып табылады.     

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Балғынтаев, Ә. О. (2018). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРАПТАРДЫҢ ЖАРЫСПАЛЫЛЫҒЫ МЕН ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/639

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс