СОТТАЛҒАНДАРДЫ АУРУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАЛАУДАН БОСАТУ: ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

  • Нұртай Қонысбайұлы Иманғалиев

Кілт сөздер:

сотталған, мүгедек, ауыр ауру, мерзімінен бұрын босату, жазадан босату, заңнама гуманизациясы, соттар

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясатты гуманизациялау жөніндегі, бостандығынан айыру түрінде жазаны өтеп жатқан ауыр науқасты сотталғандарды қылмыстық жазалаудан босату сұрақтары туралы кейбір шаралар қарастырылған, оларды жүзеге асыру еліміздің түрме тұрғындарын қысқартуға себепші болуы мүмкін, мемлекеттік бюджеттің жүктемесін төмендетеді және түрме жүйесінің тұрақты қызмет етуіне әсер етеді. Құқық қолдану тәжірибесі және қылмыстық-құқықтық теорияның өзекті мәселелерін шешу контекстінде зерттеудің мақсаты – бостандығынан айыру жерлерінде жазаны өтеп жатқан ауыр науқасты сотталғандарды босату жайлы статистикалық мәліметтерді сараптау болып табылады. Зерттеудің негізгі пәні ретінде мүгедектер, сал ауыруына шалдыққан, ауыр науқасты, өз-өзіне күтім жасай алмайтын сотталғандар, сонымен қоса, көптеген ауруы бар қарт адамдарды медициналық куәландыру кезіндегі туындайтын тәжірибелік және теориялық мәселелердің кешені шығарылады. Жазаны өтеп жатқан ауыр науқасты сотталғандарды қылмыстық жазалаудан босату жайында сұрақтардың ғылыми-тәжірибелік мәселелерін зерттеген ғалымдардың концептуалды позициялары сарапталған.Бірқатар ғылыми негізделген қорытындылар және Қазақстан Республикасының қолданыстағы НҚА нормаларына өзгерістер мен толықтыруларға бағытталған отандық заң шығарушыға аргументтелген ұсыныстар әзірленді және жасалды. Заңнама нормаларын түзету жөніндегі негізделген ұсыныстарды еңгізу, тұжырымдамалық аппараттың теориялық маңызын нақтылауда мазмұндалады. Ауыр науқасты сотталғандарға адамгершілік қатынасу ұстанымдарының негізінде, сотпен жазаны жеңіл түрімен алмастыруды қолдануды кеңейту, тұлғаның жазаны өтеуден босату  туралы сұрақты қарастыру мерзімін 30 тәуліктен 10 тәулікке дейін қысқарту ұсынылады.  Сонымен қатар, сот шешіміне наразылыққа аппеляциялық шағымды қайта қарастыру мерзімдерін жоққа шығару және бұрын құқық қолдану тәжірибесінде қолданылған «дереу босату» терминін қолдану ұсынылады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Иманғалиев, Н. К. (2018). СОТТАЛҒАНДАРДЫ АУРУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАЛАУДАН БОСАТУ: ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/643

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс