ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕРДІ ЖЫЛЫСТАТУҒА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар

  • Алмас Қанатұлы Қанатов
  • Ерлан Қадіржанұлы Ахметов

Кілт сөздер:

кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру, экстремизмге қарсы іс қимыл, қаржылық барлау құрлымдары, алдын алу, заңнаманы жетілдіру

Аңдатпа

Мақала авторы «арам ақшаны» жылыстату саласындағы арнайы заңнамаға криминологиялық талдау жасаған, сонымен бірге терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы нәтижелі қолдануды көздейтін тиімді құқықтық механизмдер ұсынған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңды егжей-тегжей (маниторинг) талдау жекелеген кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді, олар: олқылықтар, карама-қайшылықтар, нормаларды қолданудың құқықтық салдарын минимизациялау мақсатында бланкеттілік пен коррупциогенділік. Реттеу пәнінің шегін терроризммен қатар, экстремизм мен сепаратизмды қосу арқылы кеңейту туралы сұрақты қарастыру ұсынылды. Бұл саладағы салыстырмалы-құқықтық зерттеу қаржылық барлау құрлымымен жүргізілетін алдын-алушылық шаралардың нәтижелігі туралы мәселені көтеруге алып келеді. Осы саладағы шетел тәжірибесін зерттеуді ескере отырып ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілген.

Қолданыстағы халықаралық және ұлттық заңнаманың, заңи және арнайы әдебиеттің, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің көп мөлшерін қабылдаудың нәтижелілігі үшін, талдау материал шартты түрде үш бөлімге бөлінеді: 1. Зерттелетін саладағы Қазақстан территориясында қалыптасқан заңнаманың талдауы; 2. Қолданыстағы Қазақстан Республикасы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жекелеген кемшіліктері; 3. Ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Қанатов, А. К., & Ахметов, Е. К. (2018). ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕРДІ ЖЫЛЫСТАТУҒА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/648