БІР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ЖАЗАДАН ГӨРІ НЕҒҰРЛЫМ ЖЕҢIЛ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚР ҚК-ГІ ЖАЗАНЫ ЖЕҢІЛДЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_119Кілт сөздер:
жаза, жазаны жеңілдету, жаза тағайындау, көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза, ерекше мән-жайларАңдатпа
Қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелері үнемі құқықтық ғылымның басты назарында. Сот шешімінің әділдігі қылмыстылықтың алдын алуға ықпал етіп қана қоймай, адам құқықтарын қорғаудың кепілі бола алады.
Жазаның әлеуметтік әділдігі мақсатын қамтамасыз етуде осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін тиісті деңгейде көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауды құқықтық реттеу маңызды рөл атқарады. Қолданыстағы отандық қылмыстық заңнамамен белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау туралы норма қарастырады. Алайда, белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін заңда көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауды түсінуге қатысты қайшылықтар құқық қолдану тәжиребесінде елеулі қиындықтар тудырады.
Әдетте, сот тәжірибесінде ҚР ҚК-нің 55-бабын қолданып жаза тағайындағанда жазаны ерекше жеңілдетудің негізі дұрыс анықталмай жатады немесе жеңілдетудің тәсілін дұрыс таңдала бермейді. Қалай болғанда да, бұл негізсіз үкім шығаруға әкеледі. Ал, қылмыстық жазаны тағайындаудағы қателіктер басқа факторлармен қатар қылмыстылыққа қарсы күресті әлсіретеді.
Автор мақалада белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау мүмкіндігін көздейтін ҚР ҚК заң ережелерін қолдану проблемаларын қарастырады.