ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ КЕЗІНДЕГІ КЕЙБІР ҰСЫНЫСТАР

Авторлар

  • Багдат Кабылкадырович
  • Айдана Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_22

Кілт сөздер:

мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, кадрларды іріктеу, конкурстық комиссия, емтихан, біліктілік талаптары, кәсібилік, құзыреттілік

Аңдатпа

Ғылыми жұмыста Қазақстан Республикасы үлгісінде демократиялық реформалардың басты жолсерігі ретіндегі мемлекеттік қызметіндегі кадр саясатының өзектілігі негізделген. Батыс Еуропа елдерінде мемлекеттік қызмет үшін кадрларды іріктеуге жүргізілген талдау аталған елдердің мемлекеттік қызметінде кадрларды іріктеу және орналастыру саласындағы жалпы әлемдік үрдістің ерекшеліктері анықталған. Авторлар мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу саласында Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания сияқты дамыған шет елдердің заңнамасы мен құқық қолдану практикасын зерттеген. Көптеген дамыған демократиялық елдердің кадрларды конкурстық іріктеу принципін қолданатыны қарастырылған. Сонымен қатар, мұндай елдерде бір уақытта мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеумен айналысатын арнайы мемлекеттік органдар жұмыс істейтіні және де олардың құқықтық мәртебесі мемлекеттік органдар жүйесінде салыстырмалы түрде тәуелсіз сипатқа ие екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, мұндай шаралар кадрларды іріктеу жөніндегі арнаулы мемлекеттік орган қызметіндегі объективтілік пен бейтараптылықтың елеулі кепілі болып табылатыны анықталған.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік бағдарланған даму моделін қалыптастыру бағытын ұстанғаны атап өтілген. Авторлар мемлекеттік қызметтің келесі маңызды элементтерін көрсетеді: мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқарумен байланысты және мемлекеттік биліктің сипатымен айқындалады, мемлекеттік қызмет мемлекеттік лауазымдарда негізінен мемлекеттік органдарда жүзеге асырылады деп қарастырады.

Ммемлекеттің сапасы, оның қоғамға қызмет ету дәрежесі көбінесе мемлекеттік қызметке, оны құқықтық реттеу әдістеріне, нысандарына байланысты екенін атап көрсетеді. Мемлекеттік қызмет – құқықтық мемлекетті қалыптастыру құралы, оның құрылысының Қазақстан үшін маңыздлығын айтылған. Құқықтық мемлекеттің азаматтық қоғаммен және жеке азаматпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет екені көрсетілген.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2022

##submission.howToCite##

Нургазинов , Б. К., & Оспанова , А. Н. . (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ КЕЗІНДЕГІ КЕЙБІР ҰСЫНЫСТАР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(69). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_22