ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ
Аңдатпа
Бұл мақалада билік жүйесінің негізі болып есептелетін тәуелсіздік теориясының заңдық негіздеріне талдау жасалған. Мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық тәуелсіздік және халықтық тәуелсіздік түсініктері мұқият зерттелген. Ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы мәселесі қазіргі заманғы халықаралық қатынастардын ең өзекті мәселелерінің бірі болып есептеледі, сондықтанда бұл мәселе халықаралық қауымдастықты ондаған жылдар бойы мазалауда. Ұлттардың өзің-өзі анықтау принципин жүзеге асыру әрқашанда халықаралық құқықтардың нормаларын сақтау барысында жасалуы керек, нақтырақ айтканда, әр елдің территориялық бүтіндігін, мемлекеттің саяси бірлігін сақтау керек.