ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Антон Олегович Макрушин

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_251

Кілт сөздер:

заң консультанты, біліктілікті арттыру, қызметтің кепілдіктері, заң көмегі, заң консультанттық сұрау салуы

Аңдатпа

Бұл мақалада заң консультанттарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырады. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін сотта тапсырма бойынша өкілдік етуінің институты кейбір өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, сотта тапсырма бойынша өкіл ретінде әрекет ету мүмкіндігі бар тұлғалар санаты «заң консультанттары» жаңа санатына ауыстырылды.

Адвокаттар мен заң консультанттарының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген құқықтары мен міндеттеріне салыстырмалы талдау жүргізу кезінде «Адвокаттық және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында заң консультанттары құқықтарының кепілдіктерін бекіту қажеттігі белгіленген, заң консультанттарының жекелеген құқықтарына кепілдік беру қажеттілігінің негізделген тұжырымдары жасалды. Сондай-ақ, осы мақалада заң консультанттарының біліктілігі арттыру нысандарын нақтылау қажеттілігін көрсететін себептер көрсетілген, бұл жиынтығында азаматтық-құқық қатынастар субъектілерінің заң консультанты мәртебесін неғұрлым жоғары деңгейде қабылдауын қамтамасыз етеді. Мақалада заң консультанттарының біліктілігін арттыру процесінің толықтығын жалпы бірыңғай тәртіппен бекітуге болады, онда осы процеске қатысатын тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі көрсетуге, осы процестің нысанын бекітуге, жауапкершілікті белгілеуге және т.б. болады.

Осыған байланысты жұмыста жоғарыда аталған саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жаңғырту жолдары қарастырылады және жүргізілген зерттеу негізінде заң консультанттарының да, заң консультанттары палаталарының да міндеттерін жетілдіру жөнінде бірқатар кейбір ұсыныстар әзірленді. Дайындалған ұсыныстар заң консультанттарының заң қоғамдастығының өкілдері ретіндегі құқықтық мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді. Заң консультанттарының құқықтық мәртебесін нығайту нәтижесі заң консультанттарының заң көмегін көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруда көрініс табады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2021

##submission.howToCite##

Макрушин , А. О. (2021). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(64). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_251