АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАСЫ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Руслан Қайратұлы Джиембаев

Кілт сөздер:

құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық нигилизм, нөлдік төзімділік, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, маслихаттар, жарамсыз үй

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық азаматтардың нигилизмін жеңу, халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін көтерудің ықтимал жолдары қаралады, автор осы мәселелер құқықтық мінез-құлықты дамытуға және таратуға, қоғамның тұтастығын сақтауға және нығайтуға және онда тәртіп орнатуға ықпал етеді деп атап өтеді.

Автордың пікірінше қоғамның және жеке тұлғаның құқықтық санасының жоғары деңгейі, әсіресе, қазіргі қоғамдық сананың жаһандық жаңғыру, жаңа қазақстандық патриотизм мен жалпыға ортақ білім беруге ұмтылу дәуірінде өзекті болып табылады. Мемлекеттік органдардың беделі, олардың адал болуын және халықтың мәселелерін нақты шешетінін, азаматтардың құқыққа деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мақалада мемлекеттік органдардың көрсеткіш қызметі мемлекет жеке азаматтың, сондай-ақ, тұтастай алғанда қоғамның мүдделерін білдіретін және қорғайтын орган екендігін көрсетуге тиіс, себебі онсыз азаматтардың құқықтық нигилизмін жеңу мүмкін емес және құқық бұзушылықтар үшін нөлдік төзімділік принципін іске асыруға болмайындығын көрсетеді. Алайда, құқықтық нормалардың жетілмеуі, адам құқықтарын бұзу жағдайлары, заңдылықты мақсаттылықпен алмастыру, лауазымды тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлық пен олардың жазасыздығы, адам құқықтарын тануды, оның әлеуметтік құндылығы мен мақсатына сенімсіздікті тудырады, бұл, өз кезегінде, алаяқтық, жалған кәсіпкерлік, салықтан жалтару және басқа да жағымсыз құбылыстарға алып келеді.

Моральдық құндылықтар, автордың пікірі бойынша, осы жағдайда әмбебап идеалдарға сәйкес келмейді, ал жалпы мәдениеті мен моральдық әлеуеті төмен қоғамда жоғары мақсаттарға жетуді күту қиын.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Джиембаев , Р. К. (2018). АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАСЫ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(52). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/667

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық