ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ АДАЛДЫҚ, ПАРАСАТТЫЛЫҚ, ӘДІЛЕТТІЛІК ҚАҒИДАТТАРЫН ТҮСІНДІРУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ ОРАЙ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_106Кілт сөздер:
әдет-ғұрып, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар, адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк талаптары, азаматтар мен заңды тұлғалар, мәміле, шартАңдатпа
Бұл мақалада азаматтық кодекстің кейбір ережелеріне кең мағыналы тұрғыда түсіндірмелер жасалады. Еліміз егемендік алғаннан кейін, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі екі бөлімнен: жалпы бөлімі 1995 жылдың 1 наурыздан, ерекше бөлімі 1999 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізілгеннен кейін біршама жыл уақыт аралығы өткені барлығына мәлім. Содан бері, осы уақытқа дейін кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ережелермен азаматтық кодекс қолданыста. Бірақ, дегенменде заманауи, нарықтық экономикалық талаптарға сәйкес, азаматтық құқық институттарына жаңа эәне біршама өзгерістер, ұсыныстар жасау қалыпты жағдай және ол дұрыс. Осы мәселені жан-жақты тарқатып айтсақ, азаматтық кодекстің ережелері кейбір ұғымдарды түсіндіруді қажет етеді. Дәлме-дәл мәніне сәйкес болуы үшін, кейбір ұғымдарды нақты түсініктерме беруді кодекстің өзі талап етеді. Бұған себеп, тәжірибеде де кездесіп жатқан ұқсас азаматтық істердің және соған сәйкес бірнеше сот шешімдерінің әртүрлі болуы дәлел.
Қазіргі таңда, «адалдық» ұғымын азаматтық құқықтың қағидалары ретінде қарастыру ұсынылып отыр. Онда осы «адалдық», «парасаттылық», «әділеттілік» сөздері тек Қазақтан Республикасының азаматтық кодексінде ғана емес, өзге де нормативтік құқықтық актілерде кездеседі.
Автор адалдық, парасаттылық, әділеттілік сөздерінің нақты этимологиялық мағыналық түсіндірмесінен бастап, құқықтық қолданыстағы мағынасын зерттеген. Және мысалдармен, яғни адалдық және парасаттылық талаптарын әу баста-ақ азаматтық құқыққа қатысушылар білу керек және сол талаптармен қоса қандай да бір құқықтық әрекет жасау тиіс, яғни егер тараптардың бірі міндеттемені орындамаса, не тиісінше орындамаса, қатысушылар әділеттілік талабын сол шартта көрсету керек (мысалы, тұрақсыздық айыбының мөлшері) не тараптар келісе алмаған да сотқа шағымданады, сәйкесінше сот дауды нақты жағдайға байланысты шешуі тиісті екенін көрсетеді.