ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ АЛАЯҚТЫЛЫҚТЫ ТЕРГЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ САТЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
пәтер алаяқтылығы, арыздарды (хабардарды) тіркеу, сотқа дейінгі тергеудің басталуы, сотқа дейінгі тергеудің біртұтас реестрі, ақпарат тіркейтін кітап.Аңдатпа
Осы мақалада тұрғын ұй аясында болатын алаяқтылықпен байланысты істер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің басталу ерекшеліктерін қарастырады. Ұлттық қылмыстық және қылмыстық процессуалдық заңнамасының өзгеру жағдайына байланысты сұрақты қарастыру өзектілігінің маңыздылығы арта береді. Құқық бұзушылық туралы арыз (хабардарды) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірегей реестрде тіркеу – бұл өкілетті тұлғаның заңда көрсетілген тәртіппен қылмыс болғаны және қылмысты жасау үшін дайындалып жатқаны туралы ақпарат бойынша қылмыстың құрамының белгілерін анықтау үшін оны қарастыруды жүзеге асыратын қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы.