ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ: ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ҚҰҚЫҒЫМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ САРАПТАМА
Кілт сөздер:
дербес деректер, Қазақстан Республикасының Заңы, салыстырмалы-құқықтық сараптама, құқықтық кемшіліктер, Еуропалық Одақ, Қазақстан Республикасы, адам құқықтары, жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығыАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оны қорғау туралы заңының» сараптамасына арналған. Автормен жүйелі талдау мен құрылымдық толықтырулар ұсыну үшін Заңға Еуропалық Парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің 1995 жылғы 24 қазандағы 95/46/ECЕС «Дербес деректерді өңдеуге қатысты жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау мен осындай деректердің еркін қозғалысы туралы» Директивасымен, сол сияқты (кейбір аспектілерде) Ресей Федерациясының Заңымен толық салыстырмалы-құқықтық сараптама жүргізілген. Мақала мәтінінде автор Заңның құқықтық кемшіліктерін, проблемалық жағдайын көрсетіп, соңғы нұсқасын жетілдіру бойынша ұсыныстар келтіреді.