ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_138Кілт сөздер:
халықтың көші-қоны, заңсыз көші-қон, халықтың көші-қоны саласындағы құқық шығармашылықты жетілдіру, халықтың көші-қоны саласындағы құқық қолдануды жетілдіруАңдатпа
Соңғы кезде әлемде болып жатқан әскери, санкциялық-экономикалық оқиғалар, адамдардың жаппай көші-қоны көптеген мемлекеттердің алаңдатушылығын тудырып, назарын аударуда. Осы ретте халықтың көші-қоны, заңсыз көші-қонды зерттеуге бағытталған ғылыми ізденістерге сұраныстың артуы заңды құбылыс. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасының мерзімі аяқталып, 2022-2026 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы әзірленуде. Жаңа тұжырымдаманы әзірлеуде ғылыми негіздерді ескеру міндетті шарт. Осы мақалада шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша азаматтық істерді және шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша істерді әкімшілік соттарда қараудың, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» 394 бабын қолданудың өзекті мәселелері, халықтың көші-қоны саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың санын азайту, заңсыз көші-қонды реттеу бойынша ұсыныстар келтіріледі.