НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ ЗАҢ САРАПТАМАСЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Әділет министрліг
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_285Кілт сөздер:
Басқарма қаулысы, банкке тиесілі емес мүлік, тарату массасы, заң сараптамасы, нормативтік құқықтық актілер жобасын келісу, НҚА Конституцияға сәйкестігі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіАңдатпа
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының Қаулысынан мысал келтіре отырып, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жүргізу кезіндегі құқықтық реттеудің кемшіліктері мен келіспеушіліктері мақалада баяндалған. 2020 жылы 2 желтоқсанда тіркелген Қаулыда жаңаенгізілім бар, оған сәйкес таратылып жатқан банктің активтеріне «...таратылатын банкке тиесілі емес, бірақ бухгалтерлік есепте тұрған мүлік» енгізілген. Аталған «банк активі» термині анықтамасын өзгерту екінші дәрежелі банктерде ағымдағы шот ашқан жеке және заңды тұлғалардың мүлікке конституциялық құқықтарын және мүдделерін бұзады. Бұл осы Қаулының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне тиісті заң сараптамасын жүргізбеудің нәтижесі. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 44-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу әділет органдарының нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне заң сараптамасын қамтиды. Алайда «Құқықтық актілер туралы» Заңның 18-бабының 6-тармағы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - ӘМ) заң сараптамасын жүргізуді көздемейді, ал Қазақстан Республикасы Үкіметі Регламентінің 36-тармағы(2002 жылы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі №1300 Қаулысымен бекітілген) мемлекеттік органдарды қаулылар жобаларын Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамасына, Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министірінің актілеріне сәйкестігіне ӘМ келісуді міндеттейді. Мақала авторлары «банк активтері» терминінің анықтамасының тек Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және қадағалау Агенттігі бекіткен Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қаулысында бар екендігін және «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында оның жоқтығын атап өтеді.
Қорытындылай келе, авторлар:
«Құқықтық актілер туралы» Заңда заңсыз тіркелген нормативтік құқықтық актілердің күшін жоюдың механизмін көздеуді;
таралтылатын банктің активтеріне осы банкке тиесілі емес мүлікті енгізу туралы ержені Қағидалардан алып тастауды.
банктерде ағымдағы шот ашқан жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында таратылатын банктердің активтеріне ағымдағы шоттарына ақшалай қаражаттарын енгізу мүмкіндігін жоятын ережені, сондай-ақ таратылатын банк уақытша әкімшілігі мен тарату комиссиясының жеке және заңды тұлғалардың бірінші талап етуі бойынша ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражаттарды қайтару міндетін бекітуді ұсынады.