АЗАМАТТЫҒЫНАН АЙЫРУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Жанна Орынбасарқызы Тілембаева
  • Фарух Раушанулы Ахмеджанов

Кілт сөздер:

азаматтығынан айыру, азаматтығын жоғалту, қылмыстық жаза, әкімшілік қадағалау, шығарып тастау

Аңдатпа

Ғылыми мақалада 2017 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген азаматтығынан айыру институтына талдау келтірілген. Лаңкестікке қарсы күресте мемлекеттік реттеу шарасы ретінде азаматтығынан айыру институтын реттейтін шет мемлекеттердің заңнамасы талданды.

Авторлар заңбұзушылық үшін санкция ретінде азаматтығынан айыруды жүзеге асырудың ең даулы мәселелерін талқылады. Азаматтығынан айыруға рәсімдік кепілдіктерді белгілеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Қазақстанның заңнамасында шет мемлекеттің аумағында сыртқы қарулы қақтығыстарға, экстремистік және (немесе) террористік қызметке қатысқан жағдайда, елдің азаматтығын автоматты түрде жоғалту туралы ережелер көзделген. Осыған байланысты, авторлар бұл санаттағы тұлғаларға азаматтықтан айыру түріндегі қылмыстық жазалауды қолданудың қажеті жоқ деген тұжырымға келеді.

Азаматтығынан айырылған адамның басты жазаны өтегеннен кеінгі елден шығарылуының негіздері бөлек қарастырылған. Соттың азаматтығынан айыруды көздейтін үкімі осындай жағдайда негіз бола алмайтыны туралы қорытынды жасалды.

Қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгiн ескере отырып, сондай-ақ, шығарып тастау тетiгiнің реттелмегеніне байланысты азаматтығынан айырылған адамдарды, оның iшiнде босатылғаннан кейiнгілерді бақылауды және оңалтуды күшейту туралы мәселенi қарастыру ұсынылады. Қайталану тәуекелін төмендету механизмдерінің бірі әкімшілік қадағалау болып табылады. Осыған байланысты, авторлар азаматтығынан айырылған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру бойынша бірқатар шараларды ұсынады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Тілембаева, . Ж. У., & Ахмеджанов , Ф. Р. (2018). АЗАМАТТЫҒЫНАН АЙЫРУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(52). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/712

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс