ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫ МЕН ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ОЛАРДЫҢ АРАЖІГІН АЖЫРАТУ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Арстан Нөкешұлы Ахпанов
  • Александр Леонидович Хан

Кілт сөздер:

қылмыстық процесс, сотқа дейінгі тергеу, дәлелдеу құралдары, жария және жасырын тергеу әрекеттері, жедел іздестіру шаралары, мәні, бағытталуы, ажырату

Аңдатпа

Мақалада танымдық және іздестірушілік қызметтің маңызды әдісі ретінде жедел іздестіру шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің мәні, маңызы, белгілері мен бағытталуы қарастырылған. Жедел іздестіру қызметінің негізгі құралы – жедел іздестіру шараларының қылмыстық процесс аясында және одан тыс шектерде орны анықталған. Жедел іздестіру шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері сияқты  қылмыстық қудалау органдарының әрекеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрнекті түрде көрсетілген. Арнайы және нормативтік қайнар көздерді жалпылау негізінде жасырын тергеу әрекеттерін қолданып қою саласымен шектеліп қалмайтын құқық қолдану үшін және қылмыстық істер бойынша қылмыстық процестік және жедел іздестірушілік дәлелдеуді заңнамалық реттеу интеграциясы негізделеді. Авторлармен Қазақстанның қылмыстық процесінде қылмыстық істер бойынша дәлелдеу процесінде жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін кең және заңды пайдаланудың сенімді платформасы құрылып, сәтті қолданылып жату фактісі белгіленеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көрініс тапқан  қылмыстық процестік және жедел іздестіру заңнамасының жаңалықтары ғылыми негізделген талдауға алынған. Атап өткенде, қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің бар немесе жоқ болуына, шарттары мен жүргізу тәртібі, қылмыстық іске тіркелмеген тиісті материалдармен танысуына   байланысты жедел іздестіру қызметін жасанды түрде екіге (жедел іздестіру шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері) бөлумен байланысты жаңалықтарға баға берілген.  Олардың қылмыстық процесс теориясы мен құқық қолдану тәжірибесінде жаңа мәселелердің пайда болуына алып келгендігі аталып өтіледі. 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Ахпанов , А. Н. . ., & Хан , А. Л. . (2018). ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫ МЕН ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ОЛАРДЫҢ АРАЖІГІН АЖЫРАТУ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(52). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/713

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс