ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІ БЕЛГІЛЕРІН РЕТТЕЙТІН НОРМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
кінә, жауапкершілік, экологиялық құқық бұзушылықтар, саралау, әділеттік, жаза, пиғыл, абайсыздықАңдатпа
Мақалада экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық құрамының субъективті белгілерінің сипаттама мәліметтерін реттейтін Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының нормаларын жетілдіру перспективаларымен байланысты жекелеген аспектілері қарастырылған. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъективті жағының мәселелерін әзірлеу тәжірибелік және теориялық көзқарас тұрғысынан өте өзекті. Себебі қылмыстық құқық ғылымы аясында экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамында кінәні анықтаумен байланысты проблематика көп талқылауды қажет етеді және жеткілікті түрде әзірленбеген. Экологиялық қылмыспен жазаланатын әрекеттерге қарсы бағытталған құқық қолдану тәжірибесін ұйымдастыруда кейбір қиындықтар мен проблемалар байқалуда, олардың мәні кінәлілердің әрекеттерін экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық құрамының субъективті жағының белгілері бойынша жасаған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту кезеңінде саралау мәселелерін шешуге саяды. Баяндалған мәліметтер жиынтығында экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективті белгілерінің мәселесін мұқият зерттеудің объективті жағын құрайды. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен жаза мөлшерін реттейтін қолданыстағы қылмыстық заңнаманы ары қарай жетілдіруге және дамытуға бағытталған ғылыми және тәжірибелік тұжырымдар, ережелер мен ұсыныстарды тиісінше әзірлеу мүддесінде.