ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ЗАҢНАМАСЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ, ОНЫҢ ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫ БАР ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ РЕТТЕУ БӨЛІГІНДЕ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Индира Қаржаубайқызы Елеусізова
  • Дана Манарқызы Тұрлыбек

Кілт сөздер:

коммерциялық заңды тұлғалар, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, мемлекеттік кәсіпорындар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жария коопорациялар, заңды тұлғаны басқару, жауапкершілік

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлармен коммерциялық, соның ішінде мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар қызметінің Қазақстанда және шет елдерінде құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері қарастырылады.

Атап айтқанда, заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлудің мәселелері зерделенді, Қазақстандағы да,  жақын және алыс шет елдеріндегі де коммерциялық ұйымдардың заңи мәртебесінің ерекшеліктеріне, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар қызметінің өзгешелігіне талдау жасалды.

Жүргізілген салыстырмалы-құқықтық талдаудың негізінде авторлармен мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың заңнамалық анықтамасында біркелкіліктің болмауына, сондай-ақ мемлекеттің кәсіпкерлікте қатысуын көздейтін қызмет түрлерін бекітуде айқындылықтың болмауына, мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің ұйымдардың өздері және қатысушыларының алдындағы толық материалдық жауаптылығын енгізуге, акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құрылатын барлық кәсіпкерлік субъектілерін реттеуде бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге және т.б. қатысты қорытындылар мен ұсыныстар әзірленді.

Бұл ретте авторлар ҚР заңнамасында заңды тұлғалар мәртебесін реттейтін азаматтық-құқықтық және жария-құқықтық сипаттағы жекелеген заңдардың барлық нормалары ҚР Азаматтық кодексінің заңды тұлғалар туралы нормаларына сәйкес келуі тиістігі жайлы жалпы ережені бекіту қажеттілігі туралы қорытынды жасады.

Жалпы Қазақстан Республикасының және шет елдердің заңнамасын коммерциялық, соның ішінде мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды реттеу бөлігінде талдау барысында авторлармен әзірленген ұсыныстар Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің заңнамалық шарттарын жақсартуға, мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Елеусізова , И. К., & Тұрлыбек , Д. М. . (2018). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ЗАҢНАМАСЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ, ОНЫҢ ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫ БАР ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ РЕТТЕУ БӨЛІГІНДЕ ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(52). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/717