РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ТІЛДІҢ РӨЛІ

Авторлар

  • Назым Наурызбайқызы Исақ

Кілт сөздер:

Елбасы, Жолдау, мәңгілік ел, тәуелсіздік, латын графикасы

Аңдатпа

Тұғыры биік, асқақ арманы шарықтаған елде дүниеге келу әрбір қаны қазақ деп аққан, жүрегі елім деп соққан азамат арманының бір бөлігінің орындалғаны анық.

Тәуелсіздік алғалы бері қазақ елі әлемдік деңгейге шығып, фестивальдарда, олимпиадаларда, көрмелерде, мерекелік кештерде төбе көрсетіп, қандастарымыз елге жүлделі оралуда. Бұл егеменді тәуелсіз еліміздің айғағы.

Білім жүйесінде айтарлықтай тың өзгерістер енгізіліп, Мемлекет басшысының қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылды. Мыңдаған студенттер өз білімдерін өзге елде шыңдап, біліктілігін арттырып, шетел студенттерімен тәжірибе алмасып, елге өз еңбектерін сіңіруде.

Оқу орындарында білім жүйесі жаңартылып, әлемдік деңгейдегі практика қолға алынды. «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында электрондық оқу бағдарламасымен қатар электрондық кітапхана енгізілді. Барлық жастағы азаматтар кез келген білім жүйесінің түрімен таныса, оқуын жалғастыра алады.

Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын артта қалдырған егеменді елміз. Елбасымыз жыл сайынғы жолдауында халықтың жағдайын жақсарту мәселесін ұмытқан емес.

Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында латын графикасына ауысу туралы бастамасын айтқалы бері қоғамда әртүрлі пікірталас орын алды. Бұл тарихи шешім – ресми жаңа бетбұрыс кезеңіне жол тапты. Халықаралық тәжірибе ескеріліп, тіліміз төл дыбыстарымызға негізделіп, жаңа әліпбимен қазақи тілдің табиғи ерекшеліктеріне бағындыру сынды күрделі мәселелер күтілуде.

Латын графикасын қабылдаудағы басты мақсат – Қазақстандағы әрбір азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасау болып табылады. Қазақстанның латын графикасын қабылдауы – бұл үлкен жетістіктердің кілті. Ол – Қазақстанның, қазақ рухының, қазақ тілінің Мәңгілік Елімен бірге жасауының басты кепілі болмақ.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Исақ, Н. Н. . (2018). РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ТІЛДІҢ РӨЛІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(52). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/729

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан