ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
ұлттық ғылыми кеңестер, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, ғылыми жобалардың бағалауы мен іріктеуі, мүдделер дағдарысы, мониторингАңдатпа
Ғылыми жобаны бағалау және іріктеу үдерісі екі негізгі кезеңнен, яғни мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуден және оның бұдан әрі ұлттық ғылыми кеңесте қаралуынан тұрады.
Ғылыми жобаларды қаржыландыру туралы ұлттық ғылыми кеңестермен қабылданатын шешімдер, конкурсқа қатысушылар және қоғам өкілдері тарапынан негізді және негізсіз сынға ұшырауда. Атап айтқанда, ҰҒК-нің кейбір шешімдері сын тудыруда. Олардың пікірінше, қабылданған шешімдер МҒТС-ның бағалау көрсеткішіне сәйкес келмейді, себебі МҒТС-мен төменгі баллға ие болып, қаржыландыру үшін кеңеспен мақұлданған жобаларға қарағанда, олардың жобасы МҒТС-мен оңды бағаланған және тиісінше жоғары баллға ие болған.
Шыныменде МҒТС шеңберінде тартылатын сарапшылары сирек кездесетін білікті және релевантты болып табылады, сондықтан да оларды өтінім берілген тиісті тақырыптар бойынша саладағы неғұрлым құзыретті мамандар деп айтуға болады. Олар белгіленген бірқатар өлшемдер және жетекшілік ететін сұрақтар бойынша өз дәлелдерін баяндай отырып, жазбаша қорытындысын ұсынады. ҰҒК-ға келер болсақ, олар ұсынылған жобалардың перспективалық және экономикалық негізділігін бағалау мақсатында, олардың құрамы тек ғалымдардан ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері мен бизнес-қауымдастықтардан тұрады. Тиісті негіздемесін көрсету арқылы қабылданатын шешім жасырын дауыс беру арқылы кеңеспен қабылданады. Дегенмен, ҰҒК үшін өтінімдерді мақұлдау немесе бас тарту туралы, оның ішінде сұралатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін бағалау критерийлері қарастырылмаған. Осыған сәйкес, мониторинг процесін қоса алғанда ҰҒК қызметінде егжей-тегжейлі регламенттеуінің болмауын, олардың тарапынан өз қызметін теріс пайдалану ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды, сол сияқты кеңес тарапынан кәсіби түсіндірме берілгеніне қарамастан, белгілі жағдайға байланысты әрбір байқауға қатысушы тарапынан олардың кез келген шешіміне күмін тудыруы мүмкін.
Жоғарыда айтылған проблемалық сұрақтар уақытылы шешілмеген жағдайда, оның тұрақты және жүйелі сипатқа ие болуы ықтимал. Бұл, «Ғылым туралы» Заңда белгіленген ұлттық ғылыми жүйесі моделінің бұзылуына алып келіп соқтырады, әрбір байқау сайын сыни пікірдегі ғалымдардың санын молайтады және озық бәсекеге қабілетті бөлігіндегі ғылыми қоғамдастық тарапынан ғылым қызметіндегі басқару жүйесіне деген сенімін төмендетеді.
Осында атап өтілген ұйымдастырушылық-құқытық сипаттағы ұсыныстар мен ескертулер бөлінетін ресурстардың экономикалық тиімділігін ұтымды және әділ шоғырландыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруға бағытталған.