КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ: САРАЛАУ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
көлік экспедициясы шарты, шарттың пәні, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы, көліктік-экспедициялық қызметтерАңдатпа
Қазақстан халықаралық тасымалдау нарығында, соның ішінде экспедиторлық қызметтер нарығында байыпты ұстанымды қамтамасыз ету үшін жеткілікті күш-қуатқа ие. Қазіргі таңда Қазақстандағы көліктік қызметтер нарығы тұрақты дамуды көрсетіп отыр.
Сонымен бірге, көліктік-экспедициялық қызметті құқықтық реттеу заманауи шындықтан айтарлықтай кейінге қалуды көрсетеді. Экспедиторлық қызмет нарығын дамытуды тежейтін мәселелер әрдайым нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттілігімен байланысты.
Көліктік-экспедиторлық қызметтің негізгі мәселесі Қазақстандағы кешенді және жүйелі түрдегі реттеудің, соның ішінде көліктік-экспедициялық құжаттардың бірыңғайландырылған үлгілерінің жоқтығымен қорытындыланады. Авторлардың пікірінше, бұл мәселенің шешімі көліктік-экспедициялық қызмет аясында құқықтық айқындылықты қалыптастыру мақсатында арнайы заң әзірлеу болып табылады. Оған қоса, халықаралық ұйымдардың бірыңғайландырылған экспедиторлық құжаттарына ресми мәртебе беруіміз қажет.
Көліктік-эспедициялық қызмет аясында міндеттемелік қатынастарды құқықтық реттеу шарттың құқықтық саралануына тәуелді. Осыған байланысты мақалада көлік экспедициясы шартының пәнін талдауға көп мән берілген. Жұмыстың нәтижесі егер экспедитор тікелей жүкті тасымалдауды орындаған жағдайда тасымалдау ережелерін қолдану мүмкіндігінің есебінен қазақcтандық шарттық экпедиторлық қатынастарды құқықтық реттеуді кеңейту қажеттігін көрсетті.
Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы көліктік-экспедициялық қызметтің дамуына тосқауыл болатын себептерді және құқықтық реттеудің ақаулықтарын анықтау. Жұмыстың мақсатына жету үшін көлік экспедициясы шартының пәнін анықтау және шарттардың сабақтас түрлерінен ажырату міндеттері қойылды. Алынған нәтижелердің негізінде қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдалды.