ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ: ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

  • Азамат Ерланұлы Асанов

Кілт сөздер:

атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңама, сот орындаушылары, атқарушылық құжаттар, борышкерлер, сот

Аңдатпа

Құқықтар мен бостандықтарды сот арқылы қорғау конституциялық құқық толығымен сот шешімі тиісті түрде орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі» туралы Заңы атқарушылық іс жүргізу саласын реттейтін негізгі құқықтық акт болып табылады. Алайда, аталған заңға басқа заңнамалық актілермен салыстырмалы түрде жүргізілген талдау, сонымен қатар, сот актілерін орындау практикасын талдау сот орындаушылары атқаратын жұмыста проблемалық болып табылатын кемшіліктер мен нормаларды анықтауға ықпал етті.

Бұл жұмыстың пәні атқарушылық іс жүргізу мен оның құқықтық негіздері болып табылады. Жұмыстың мақсаты – атқарушылық іс жүргізуді реттейтін нормаларды және сот орындаушыларының жұмысындағы теориялық және практикалық проблемаларды зерттеу. Бұнда жеке мақала шеңберінде бар проблемаларды тегіс қамту мүмкін емес екенін атап өткен жөн, сондықтан мақала авторы атқарушылық іс жүргізу мәселелерін аталған саланы жетілдіре түсуге бағытталған ұсыныстар мен нұсқаулар дайындау мақсатымен әрі қарай да зерделеп, талдамақ.

Мақалада ҚР атқару жүйесінің негізгі мәселелері талданып, атқарушылық іс жүргізу туралы заңамадағы кемшіліктер қарастырылады, сонымен қатар атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуына кері әсер ететін факторлар айқындалады. Жүргізілген талдаулар нәтижесінде автор атқарушылық іс жүргізуді реттейтін қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің кейбір жолдарын ұсынады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, сот орындаушылары және атқарушылық іс жүргізу мәселелерімен айналысатын басқа тұлғалар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін және заң шығару қызметінде қолданылуы мүмкін.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Асанов , А. Е. (2018). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ: ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(52). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/734