ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІ РЕТТЕУДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ (ЕУРОПА, РЕСЕЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ)

Авторлар

  • Руслан Жолымбетұлы Бәйішев

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_254

Кілт сөздер:

тұтынушылық несие, жауапты несиелеу, микроқаржылық ұйымдар, халықты асыра несиелеу, сот тәжірибесі

Аңдатпа

 Қазақстанда 2021 жылғы 24 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Бұл тұтынушылық несиелеу ролінің өсуімен, оған халықтың басым көпшілігінің тартылуымен және экономикалық дағдарыс пен пандемия жағдайында әлеуметтік жарылыс қаупінің әлеуетімен байланысты.
Аталған себептер осы зерттеуде жарияланған тақырыпты таңдап алуға негіз болды.
 Мақаланың методологиялық негіздемесін, қазіргі экономикалық жағдайда несиелеудің кейбір аспектілеріне жаңа базалық тұжырымдарға, несиелеу институттары саясатына түбегейлі өзгерістердің туындауы, несиелеуге жол берушілік (credit availabiliti) түсінігі, және соған сәйкес аталған процеске барлық қатысушылардың жаңа тәртіп ережесіне, жалпы көзқарасы құрады.
Экономикалық қызметтің осы маңызды саласының қайта туындайтын тренді осы саланың заңды реттелу ерекшелігіне, сондай-ақ несиелеу міндеттемелерінен туындайтын дауларды соттардың қарауына да өз ықпалын жасайтыны күмән туғызбайды. Біз мысал ретінде Еуропа, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының салыстырмалы тәжірибесіне жүгінеміз.

 Бұл мақалада Ресей Федерациясы және Қазақстан заңнамасында көрініс тапқан (имплементацияланған) тұтынушылық несиелеуге Еуроодақтың реттеушілік принципі ықпалдастығы қарастырылады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2022

##submission.howToCite##

Бәйішев, Р. Ж. (2022). ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІ РЕТТЕУДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ (ЕУРОПА, РЕСЕЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(69). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_254