ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКА НАРЫҒЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ ЭТИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ

Авторлар

  • Флюра Галимовна Ибрагимова «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрас, "Alikhan Bokeikhan University" білім беру мекемесі
  • Ерлан Майданулы Айтказин Учреждение образования «Alikhan Bokeikhan University»
  • Аскербек Еркинович Исмагулов

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_101

Кілт сөздер:

фармацевтика, дәрілік заттар, дәрілік заттарды ілгерілету, науқас, фармацевтика қызметкерлері, медицина қызметкерлері, медициналық мекеме, этикалық қағидалар

Аңдатпа

Ғылыми мақалада дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасының бекітілген қағидалары, олардың іс жүзінде орындалуы немесе сақталуына жан-жақты анализ жасалынған. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын реттейтін еліміздің заңнамалық базасы мен әлемдік тәжірибе қарастырылған.

Еліміздің көптеген бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың әлсіз жүзеге асуының негізгі себептерінің бірі, ал фармацевтика саласында ең басты себебі ол қабылданып жатқан нормативті құқықтық актілердің өз мақсатына іс жүзінде жетпеуі, тиісінше науқастың тұтынушы ретінде құқықтарын қорғау механизмдері өзгеріссіз деңгейде қалып отырғаны; соңғы жылдарда денсаулық сақтау саласында жүргізіліп келе жатқан реформалардың басты бағыты ол науқастың құқықтарын жетілдіру, қызмет көрсету сапасын жоғарылату, сапалы дәрілік заттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатынының орындалу жолындағы кедергілерді анықтау, әсер етуші себептерін қарастыру мақаладағы басты мақсат болып табылады.

Мақалада көтерілген өзекті мәселе аталған ілгерілету этикасының қағидаларының жиі бұзылуы немесе сақталмауы болып табылады. Олардың қатарлында мақаланың зерттеу обьектісіне айналған дәрілік заттарды тағайындағаны және өткізгені үшін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қаржылай сыйақыларды беру немесе материалдық сипаттағы бонустық жүйелер, сыйлықтар тарату, медицина қызметкерлеріне қызметтік киімдер немесе медициналық заттарды сыйға тарту арқылы ынталандыру секілді әдістер мен амалдардың кеңінен қолданылуы.

Сонымен қатар мақалада аталған мәселелердің туындауына негіз болып отырған себептер және әсер етуші факторлар зерттеліп, оларды жою жоладры ұсынылған. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасының қағидаларының сақталу механизмдерін жетілдіру, фармацевтика қызметкерлердің құқықтық жағдайы мен міндеттеріне байланысты кодекстегі кемшіліктерді жою, қаржыландыру көзіне қарамастан медициналық қызметкерлердің барлық санаттары, еліміздің барлық өңірлерінде бірдей деңгейде медицина қызметкерлерінің жалақыларының көтерілу мүмкіндіктерін қарастыру зерттеуде ұсынылған негізгі нәтижелер болып табылады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

«Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі,

Alikhan Bokeikhan University, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы,

заң ғылымдарының кандидаты

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2022

##submission.howToCite##

Ибрагимова, Ф. Г., Айтказин, Е. М., & Исмагулов, А. Е. (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКА НАРЫҒЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ ЭТИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(71). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_101

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық