ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ТӘРТІПТІК ЖАЗАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Динара Бағдатқызы Разиева Әлихан Бөкейхан Университеті, Семей
  • Нуролла Ергалиевич Есенжолов

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_69

Кілт сөздер:

еңбек қатынастары, тәртіптік жауапкершілік, тәртіптік жазалар, тәртіптік теріс қылық, еңбек тәртібі, қызметкер, жұмыс беруші

Аңдатпа

Жүргізілген зерттеу тақырыбы ҚР еңбек заңнамасы бойынша қолданылатын тәртіптік жауапкершіліктердің тиімділігінің өзекті мәселелеріне арналған.

Мақалада Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің іргелі әдістерін әзірлеуде еңбек құқығы теориясының аса маңыздылығын мойындауына байланысты тәртіптік жаза шараларына теориялық – құқықтық талдау жүргізуге әрекет жасалады.

Авторлар тәртіптік жазаларды іске асыру тиімділігінің көзделген мақсатқа қол жеткізу дәрежесіне тәуелділігін баса көрсете отырып, ғалымдардың тәртіптік жауапкершіліктің жазалау сипаты туралы көзқарастарын сыни бағалайды.

Сонымен қатар, авторлар тәртіптік жауапкершіліктің субъектілік құрамының айқындылық мәселесін жариялай отырып, ҚР ЕК-нің 64-бабының 1-тармағына ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысының енгізілуіне күмән келтіреді.

Зерттеу шеңберінде тәртіптік теріс қылық жасалған жағдайда қызметкерге қолданылатын тәртіптік жазалар жүйесі талданады, ҚР ЕК-нің 64-бабына және ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 22-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығы туралы негізделген тұжырымдар жасалады.

Авторлар ҚР ЕК 66-бабының және ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 17-тармағының тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдерін есептеу бөлігіндегі қайшылықтарын ашады.

Мақалада еңбек заңнамасында теріс қылықтың өлшемділігі мен жазалау шараларының бекітілген тетігінің болмауына байланысты мәселелер баяндалады, соның негізінде ҚР ЕК-нің 65-бабына толықтырулар енгізу ұсынылады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

PhD, .азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының  аға оқытушысы

##submission.downloads##

Жарияланды

29.09.2022

##submission.howToCite##

Разиева , Д. Б., & Есенжолов, . Н. Е. (2022). ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ТӘРТІПТІК ЖАЗАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(70). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_69

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық