ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

Авторлар

  • Айгуль Ахметовна Асылбекова Академия правосудия при ВСРК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_94

Кілт сөздер:

сотқа дейінгі жасалған хаттама процедурасы, Конституциялық Сот, автоматтандырылған ақпараттық жүйе, азаматтық істің соттылығы, соттың процестік құжаттарының жобалары

Аңдатпа

Азаматтық сот ісін жүргізудегі нормаларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде соттылыққа қатысты өзгерістер, соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, жаңадан сотқа дейінгі жасалған хаттама процедурасы және соттың процестік құжаттарының жобалары енгізілген, ҚР АПК-нің 273-бабының 1 тармағы 1-1 тармақшасының ұғымына түсініктеме берілген; сонымен қатар сырттай iс жүргiзу және сырттай шешiм шығару институты толығымен алынып тасталынған және т.б. да өзгерістер енгізілген.

2022 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасында екінші рет Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізілген болатын. Онда адамның және азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша азаматтардың өтініштері негізінде Конституциялық Сот құру туралы ұсыныс енгізілген. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Коснтитуциясының VI бөлімі Конституциялық Сотқа арналған. Әрине Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне Конституциялық сотпен қаралатын істер мен қарау тәртібі бойынша, яғни азаматтық істің соттылығы бойынша өзгерістер шетелдік тәжірибені ескере отырып енетін болады. Бұл азаматтық іс жүргізу заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 150-ші бабы бойынша енгізілген өзгерістерінің бірі - ол судяның талап қоюды қабылдау кезеңінде судьямен жасалатын әрекеті, яғни сотта іс қозғалғанға дейін және сотқа талап арыз бергеннен кейін сот пен тараптардың әрекетерін нақты белгілеп көрсеткен.

Аталған мақалада Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ерекшеліктері жіктеліп түсіндірілген. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мақсатында ұсыныстары ұсынылған.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

қосымша білім беру бағдарламаларының координаторы

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2022

##submission.howToCite##

Асылбекова, А. А. (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(71). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_94

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық