ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_112Кілт сөздер:
сөз бостандығы, цифровизация, интернет, адам және азаматтың құқықтары, ақпаратқа қол жеткізуАңдатпа
Мақала цифрлық кеңістіктегі сөз бостандығын трансформациялауға арналған. Интернеттегі байланыс платформаларының дамуымен, кішігірім жабық форумдардан бастап, миллиондаған пайдаланушылар мен оқырмандары бар әлеуметтік желілер мен жаңалықтар порталдарына дейін сөз бостандығы бұрын-соңды болмаған таралу аясына ие бола отырып, соңғы онжылдықта бірқатар проблемалық аспектілерге тап болды. Авторлар осы бостандықтың негізгі аспектілерін, атап айтқанда, оның мазмұны мен құқықтық қатынастардың субъективті құрамын әдістемелік тұрғыдан қарастырады. Сөз бостандығы абсолютті емес болғандықтан, яғни шектеулерге ұшырауы мүмкін болғандықтан, оны шектеу негіздері мен әдістеріне ерекше назар аударылады.
Бүгінгі таңда уәкілетті органдар заңсыз және қолайсыз контенттің алдын алу мақсатында пайдаланатын негізгі шаралары сайтты бұғаттау, іздеу жүйесін сүзу және вебсайттан мазмұнды жою болып табылады. Осы шараларды қолдану, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нақты ережелерді сақтауды талап етеді: енгізілетін шектеулер заңға негізделуі, демократиялық қоғамда мөлшерлес және қажетті болуы тиіс. Авторлармен оларды қолданудың негізгі аспектілері қарастырылады, сондай-ақ қазақстандық тәжірибеден мысалдар келтіреді. Сонымен қатар, мақалада осы шаралардың бірін тағайындауда Интернет желісінің эксаумақтық сипатқа ие болуы белгілі бір рөлді атқаратыны айтылған. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер өздерінің юрисдикциясын сайт шетелдік болған немесе заңсыз мазмұнды орналастырған адам шетелдік азамат болған жағдайда да таратады.
Осыған орай, авторлар интернеттегі сөз бостандығының сипаттамалық ерекшеліктерін талдауға және сөз бостандығының одан әрі дамуына болжам жасауға тырысты.