АНГЛИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССІНДЕГІ СОТҚА ДЕЙІНГІ ХАТТАМА: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Айжан Баймурзақызы Сатаева Университет КАЗГЮУ

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_268

Кілт сөздер:

азаматтық процесс, дәлелдемелерді ашу, жалпы құқық, сотқа дейінгі ашу, дәлелдемелер, ашылған дәлелдемелер тізімі

Аңдатпа

Аталған зерттеу Қазақстанның Азаматтық процесінде дәлелдемелерді ашудың аспектілерінің бірі ретінде сотқа дейінгі хаттама проблематикасын зерделеуге бағытталған. Мақалада сотқа дейінгі хаттама туралы теориялық идеяларды және оның Англиядағы дәлелдемелерді ашумен байланысы туралы айтуға әрекет жасалады. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, автор Англияның азаматтық процесінде сотқа дейінгі хаттаманың мәні мен мағынасын ашып, ашылған дәлелдемелерді ресімдеу үшін ағылшын сот ісінде сотқа дейінгі хаттама қолданылмайтынын, бірақ "list of documents" деп аталатын құжат қолданылатынын атап өтті. Сотқа дейінгі хаттаманы практикалық қолданудың проблемалық мәселелерін жариялау үшін әлеуметтік сауалнаманың деректері пайдаланылады. Автордың пікірінше, дәлелдемелерді ашу тәртібін нақты құқықтық реттеудің болмауы, "сотқа дейінгі хаттама" терминін дұрыс пайдаланбау, дәлелдемелерді ашу жөніндегі міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершіліктің болмауы негізінен, сотқа дейінгі хаттамаға және тұтастай алғанда дәлелдемелерді ашуға басым скептикалық көзқарастың қалыптасуына себеп болды. Қазақстанның Азаматтық процесінде оның орындайтын функциялары ағылшын құқығында өзіне қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмеуіне байланысты "сотқа дейінгі хаттама" терминінен бас тарту, оның орнына Англияның азаматтық іс жүргізу ережелеріне ұқсас "ашылған дәлелдемелер тізімі" терминін қолдану ұсынылды. Автор Қазақстанның Азаматтық процессінде дәлелдемелерді ашудың толық және пәрменді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сотқа дейінгі хаттама сияқты дәлелдемелерді ашудың жекелеген элементтерін реттеудегі бар олқылықтарды заңнамалық түзетуге үміт  білдіреді.

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2022

##submission.howToCite##

Сатаева, А. Б. (2022). АНГЛИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССІНДЕГІ СОТҚА ДЕЙІНГІ ХАТТАМА: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(71). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_268