МҮГЕДЕК АДАМДАРДЫҢ ЕЛДІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Наталья Абаевна Сартаева Қазақстан Республикасының Парламенті
  • Ерңк Болатұлы Ахметов

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_50

Кілт сөздер:

саяси партиялар, саяси қатысу, саяси өкілдік ету, сайлау, мүгедектігі бар адамдар

Аңдатпа

Азаматтық қоғам институттарын дамыту Қазақстанды одан әрі демократияландыру үшін маңызды мәнге ие. Бұл процесте Саяси партиялар үлкен рөл атқарады.

 Сонымен қатар, қазіргі уақытта халықтың әртүрлі топтарының мемлекеттік билік органдарында, саясатта қажетті өкілдігін, олардың саяси қатысуын қамтамасыз ету бөлігінде Саяси партиялар туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері әлі де аз зерттелген, бұл бірінші кезекте мүгедек адамдарға қатысты.

Мақалада ұлттық заңнаманы және халықаралық құжаттарды талдау негізінде мүгедектігі бар адамдардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық шаралар ұсынылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына квотаны партиялық тізімдерді тіркеу сатысында ғана емес, мандаттарды бөлу сатысында да сақтау міндеттілігіне бағытталған түзетулерді енгізу ұсынылады. Сонымен бірге халықты қорғау саласындағы уәкілетті органның мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуы үшін қажетті шарт ретінде қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тәртібін айқындауын көздеу ұсынылады.

«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында саяси партия мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың тізімдерін бекіту кезінде кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз проценті мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды да қамтуға тиіс деп көзделген.

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мүгедектігі бар адамдардың сайлауға және саяси партиялардың қызметіне қатысуға басқа азаматтармен қатар қол жеткізуін және тең құқылы болуын қамтамасыз ететін қағидатты көздеу ұсынылады. Сондай-ақ, «қолжетімді орта» ұғымын айқындау ұсынылады, оны түсіндіру Қазақстан ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға негізделген.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

З. ғ. д., профессор

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2022

##submission.howToCite##

Сартаева, . Н. А., & Ахметов, . Е. Б. . (2022). МҮГЕДЕК АДАМДАРДЫҢ ЕЛДІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(71). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_50