ХАЛЫҚТЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • Жанара Абдылдаевна Жадауова Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты
  • Айнұр Серікханқызы Рамазанова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_235

Кілт сөздер:

радиациялық қауіпсіздік,, заңнаманың тиімділігін талдау,, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнама, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру

Аңдатпа

Радиациялық қауіпсіздік туралы заңнама нормативтік құқықтық актілер пакетімен, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен және «Атом энергиясын пайдалану туралы» және т. б. заңдармен реттеледі.

Автор, атап айтқанда, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219-I Заңының тиімділігіне талдау жүргізді, ол халықтың денсаулығын иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мақалада Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын жетілдіру жолдары ұсынылды және оларды іске асыру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірленді.

Заңнаманы талдау заң шығару жұмысының негізгі бағыттарын неғұрлым егжей-тегжейлі жоспарлауға, заңнама нормаларымен регламенттелуі тиіс қоғамдық қатынастардың салаларын белгілеуге, қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу және жаңа актілер қабылдау қажеттілігін негіздеуге, оларды мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарымен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты автор "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына баптар бойынша талдау жүргізді, оны қолданудың жүйелілігі мен әлеуметтік маңыздылығын зерттеді, қайталанатын нормалар анықталды, ұғымдық аппаратқа тексеру және Заң нормаларын іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Осылайша, осы зерттеудің өзектілігі Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың тиімділігін, оның жүйелілігі мен келісімділігін одан әрі арттырудың объективті қажеттіліктеріне байланысты күшейтіледі.

Зерттеу нәтижелері Халықтың радиациялық қауіпсіздігін құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде пайдаланылуы және заң шығару қызметінде ескерілуі, сондай-ақ одан әрі ғылыми зерттеулер үшін негіз болуы мүмкін.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

з.ғ.к.

##submission.authorWithAffiliation##

"Құқықтану" кафедрасының қауымдастырылған профессоры

заң ғылымдарының кандидаты

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2022

##submission.howToCite##

Жадауова , Ж. А., & Рамазанова , . А. С. (2022). ХАЛЫҚТЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(71). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_235