«ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_224Кілт сөздер:
лотерея, лотерея қызметі, жүлде қорының ұтыс ойыны, тираж, жүлде қоры, тираждық лотерея, ұтыс, лездік лотерея, лотерея операторы, лотерея таратушысы, лотерея билеті, лотереяға қатысушыАңдатпа
Мақала «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиімділігін талдауға арналған. Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты тұрақты негізде жүргізетін қандай да бір заңның тиімділігін талдау олқылықтарды, коллизияларды уақтылы анықтауға, сондай-ақ белгілі бір саланың уәкілетті органына ұсынылған кемшіліктерді жоюға және ақи немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні жетілдіруге ұсыным беруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында эпизодтық сипатта болмауға тиіс, сондай-ақ енгізілген реттеуден туындаған әсерлердің пәрменділігі мен мәлімделген мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты мониторингін жүйелі түрде жүзеге асыру қажет болатын құқықтық реттеу шараларын ретроспективті бағалауға деген қарым-қатынасты қайта қарастыруды талап етеді деп атап өтілген мақсаттары. Мақала авторы өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететін «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нақты нормаларын көрсетеді және олардың ойынша кемшіліктерді, қайшылықтарды, сәйкессіздіктер мен олқылықтарды жою үшін барынша оңтайлы келетін баптардың редакцияларын ұсынады. «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына соңғыдан бұрынғы түзетулер екі жыл бұрын, 2020 жылғы 10 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен енгізілді. Таяуда ғана ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Заңның 7-бабының 2) тармақшасына нақтылаушы түзету енгізілді. Алайда, «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізу қажеттілігі бүгінгі күні де өзекті.