КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ КӨШІ-ҚОН: ЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КОНТЕКСТ, ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_29Кілт сөздер:
адам құқығы, көші-қон, еңбек ресурстары, демографиялық жағдай, ұлттық қауіпсіздік, пандемияАңдатпа
Көші-қон 1990 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының этникалық картасын айтарлықтай өзгертті, бұл зерттеу жүргізуге түрткі болды, өйткені көшіп кететін қоныс аударушылар құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық әлеуетінің неғұрлым белсенді еңбек және репродуктивтік бөлігі басым. Өсіп келе жатқан жаһандану және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі көпвекторлы ынтымақтастық жағдайларында аса қуатты көші-қон орын ауыстырулар проблемасы өзектілендірілді. Зерттеу Қазақстан үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіптерді посткеңестік Орталық Азияның аз дамыған көрші елдерінен, атап айтқанда, заңсыз негізде жүзеге асырылатын еңбек көші-қонының үлкен ағымының нәтижесінде анықтады. Көші-қон қанау, заңсыз қозғалыс, ксенофобия, адам саудасы, мигранттарды заңсыз әкелу нәтижесінде Конституциялық құқықтардың бұзылуымен қатар жүретіні маңызды болып табылады.
Ұсынылған зерттеу Қазақстаннан адами ресурстардың кету салдарлары мен қатерлерін мейлінше дұрыс бағалау үшін қажетті конституциялық құқықтарды бұзу призмасы арқылы көші-қонның проблемалық аспектілері туралы түсінікті қалыптастыруға бағытталған. Мақалада авторлар бүгінгі таңда көші-қон жағдайы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігіне, адамдардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға елеулі әсер ететін Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік шиеленістің негізгі факторларының бірі болып табылады деп тұжырымдайды. Осыған байланысты, жағдай жедел және ойластырылған шешімдерді талап етеді, өйткені оның Қазақстан мен шектес мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін. Қазақстан Республикасында көші-қон жағдайын тұрақтандыру үшін алғышарттар бар деп ойлаймыз, өйткені қаралатын процестердің әлеуметтік-экономикалық негізі бар, осыған байланысты мәселені шешу билік қызметінің тиімділігіне, заңнаманы дайындауға және экономикалық әл-ауқат деңгейіне тікелей байланысты болады.