ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ СУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕСІ «ПАРЛАМЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ» ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_183Кілт сөздер:
су мәселесі, Орталық Азия, халықаралық ұйым, БҰҰ, Парламентаралық одақ, аймақтық қауіпсіздікАңдатпа
Мақалада әлемдегі су мәселесінің қазіргі жағдайы және оның нашарлау факторлары талданады. Сондай-ақ Орталық Азиядағы су проблемасының пайда болуы мен дамуы, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы суды пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері және аймақ елдерінің суды пайдалану саласындағы ұлттық заңнамалары зерделенді. Сонымен қатар аймақтан тыс факторлардың, халықаралық құқық нормаларының және жаһандық жылынудың аймақтағы су проблемасының дамуына әсері мен рөлі қарастырылады. Сондай-ақ авторлар Орталық Азия елдеріндегі мемлекеттік биліктің ұлттық жоғары өкілді органдарының ішкі және сыртқы саясатындағы рөлінің үнемі артып келе жатқанын атап өтеді. Авторлар Орталық Азия мемлекеттеріндегі заманауи парламентаризм институты болашақта геосаяси мәселелерді шешуде, Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайту мен дамытуда белсенді рөл атқара алады деген қорытындыға келеді. Сыртқы саяси мәселелерді шешудің дәстүрлі құралдарының толық емес тиімділігін ескере отырып, авторлар Орталық Азиядағы су мәселесін шешудің баламалы жолдарының бірі ретінде «парламенттік дипломатия» құралдарын пайдалануды ұсынады. Өйткені, «парламенттік дипломатия» Орталық Азиядағы су мәселесін бейбіт жолмен шешуге негіз жасай алады. Зерттеу әдістемесі тарихи, салыстырмалы, ситуациялық, құқықтық, саяси және экономикалық талдау әдістерінен тұрады. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар өңірлік суды пайдалану мәселелері бойынша парламентаралық ынтымақтастық саласында, сондай-ақ осы салада Орталық Азия елдерінің жоғары өкілді органдарының мүмкіндіктерін пайдалану бойынша ұсынымдар мен практикалық ұсыныстар әзірледі. Аймақтағы су мәселесін шешудің балама жолы ретінде «парламенттік дипломатияның»