ӨТІНІШ БЕРУШІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ӨТЕУ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІ

Авторлар

  • Денис Александрович Финк

DOI:

https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_142

Кілт сөздер:

дене және психологиялық зорлық-зомбылық, жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды (хабарламаны) тексеру, қылмыстық құқық бұзушылық құрбаны, түсініктеме, шұғыл тергеу әрекеттер, сот төрелігіне қол жеткізу, жәбірленуші деп тану

Аңдатпа

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының сот төрелігіне уақытылы қол жеткізуі қазіргі уақытта ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Мақалада қылмыс туралы хабарламаны тексеру кезінде арыз берушінің немесе қылмыстан іс жүзінде зардап шеккен адамның іс жүргізу құқықтарының аздығы себебінен қылмыстық қудалау органдары осы қатысушылардың заңды мүдделерін шектейтіні атап өтілген. Осыған байланысты, автор қылмыстық іс жүргізуге жаңа қатысушыны - "қылмыс құрбанын" енгізуді және оған процессуалдық құқықтар, міндеттер жиынтығын беруді және сотқа дейінгі тергеуге қатысатын адамдарға және олардың жақын туыстары мен олардың отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын қолдану үшін жеткілікті негіздерді заңда регламенттеуді ұсынады.

Автор қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен немесе оның куәгері болған әйелдерді мемлекеттік қорғау және қауіпсіздік шаралары туралы шешім қабылдауы үшін жеткілікті болып табылатын негіздерді, егер қорғау шараларымен кешіктіру олар үшін ауыр зардаптар тудыруы мүмкін болса, оны қайтадан қолданудың алдын алу немесе жолын кесу мақсатында атап өтеді.

Мақалада сондай-ақ оның қолданылу аясын кеңейту және мазмұнын кеңейту есебінен жақындауға тыйым салу сияқты қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуінің өзге де шарасын қолдану ұсынылды.

Зерттеу жалпы ғылыми, жеке әдістердің, жүйелік тәсілдердің, статистикалық талдаудың, құқық қолдану практикасын талдаудың ережелерін пайдалануға себепші болды. Жүргізілген зерттеу негізінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының сот төрелігіне тиісінше қол жеткізуі және келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатында тиісті ұсынымдар әзірленді, оны Қазақстан Республикасында тиімді қолдану шарттары зерделенді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2020

##submission.howToCite##

Финк, . . Д. А. (2020). ӨТІНІШ БЕРУШІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ӨТЕУ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(63). https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_142

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс